©
Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 1,9 пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Еңбек нарығында тұрақтылық тренді байқалады. Осы жылдың басынан бері 414,5 мың адам жұмысқа орналастырылды (1 қазандағы жағдай бойынша-авт.). Жұмыссыздық 4,9 пайыз деңгейінде сақталуда», - деді 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндаған министр.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, жалақы бір қалыпты қарқынмен өсіп келеді. «Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық жалақы 158,2 мың теңгені құрады. Орташа айлық жалақы 1,9 пайызға өсіп отыр», - дейді ол.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Бағдарламаның қолайлы тұстарыМинистр сонымен қатар, осы жылдың қаңтар-тамызында нақты ақшалай кірістер нақты жалақының өсуі мен инфляциялық процестердің баяулауы аясында 3,5 пайызға өскенін атап өтті.
«Қыркүйек айында экономиканың 6 пайызға өсуі арқасында жылдың қорытындысы бойынша, жалпы ішкі өнім өсуінің 4+ деңгейіне жетуіне мүмкіндік пайда болғанын атап өткім келеді. Ол үшін төртінші тоқсанда экономиканың 3,9 пайыздан кем емес дамуын қамтамасыз ету қажет», - деді Тимур Сүлейменов.
Көрнекі сурет сайттың архивінен