• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 13 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

  • USD: 479.03 ₸
  • EUR: 523.39 ₸
  • RUB: 5.31 ₸

Алда асқаралы міндеттер тұр

[ 2017 ] 8 ақпан, 07:19  |  Экономика

Дүйсенбі күні облыс әкімі Алик Айдарбаевтың аймақ активімен өткен кездесуінде Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде жасаған үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы талқыланды. Жиында облыс әкімі Алик Серікұлы орынбасарларына, қала және аудан әкімдеріне, облыстық басқарма басшыларына Жолдаудан туындаған міндеттер мен тапсырмаларды жүктеді. Кеңейтілген жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының және мәжілісінің депутаттары, облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан, ауыл әкімдері, облыстық басқарма мен мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым мен БАҚ өкілдері қатысты.

– Құрметті жерлестер, активке қатысушылар! 2017 жыл еліміз үшін бірқатар саяси маңызды қадамдармен басталды. Елбасы Н.Назарбаев саяси жаңғыру мен өкілеттіліктерді қайта бөлу жөнінде арнайы үндеу жасап, өз құзіретіндегі біршама өкілеттіліктерді Үкімет пен Парламентке беру жөніндегі шешімге саналы түрде барып отыр. Бұл жаһандық ахуал мен ғаламдық үдерістерге, технология және әлеуметтік жаңғырту талаптарына берілген нақты жауап. Басты мақсат – басқару жүйесінің кеңдігін барынша арттыру. Мемлекет басшысы жаһандық өзгерістердің тамырын тап басып, еліміздің басқару жүйесіне қатысты тағдырлы шешім қабылдап отыр. Бұл реформа еліміздің саяси жүйесін демократияландыру және Конституциялық құрылымды нығайту жолындағы жаңа қадам деп білеміз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жария етті. Ширек ғасыр тарихи тұрғыдан алғанда тым қысқа уақыт екендігіне қарамастан, дана халқымыздың бірлігі мен Елбасы Н.Назарбаевтың көрегенділігінің арқасында бүгінде жас мемлекетіміз әлемдік деңгейде өзін мойындатып қана қоймай, жаһандық мәселелерді шешуде бастамашылдығымен көзге түсті», – деді облыс әкімі Алик Айдарбаев.

Жиында баяндама жасаған аймақ басшысы Алик Серікұлы Жолдаудағы кешенді міндеттердің бірі жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру жөнінде айтып өтті.

«Біз жаңа индустрияландыру арқылы өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, транспорт, логистика, құрылыс секторын және басқа да салаларды дамытуымыз керек. Әсіресе, индустрияландыру картасына енетін жобаларға баса мән беруіміз қажет. Мәселен, ағымдағы жылы құны 56 млрд.теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл тұрғыда жұмыс жасауға ыңғайлы әрі тиімді арнайы экономикалық аймаққа көңіл бөлуіміз қажет. Индустрияландыру картасы үнемі жаңа жобалармен толығуы керек. Елбасы Н.Назарбаев елімізде жаңа ұлттық экспорттық стратегия жасақталатынын, сол арқылы мұнай және газ, химия салаларына инвестиция тартуға екпін берілетінін айтты. Осы мақсатта өңірлерде ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін инвестиция тартуды көздейтін ұлттық стартегияны жасақтауға белсенді атсалысуымыз керек» деген облыс әкімі Алик Серікұлы орынбасары Рақымбек Әміржановқа ақпан айының аяғына дейін индустрияландыру картасына енген жобаларды көзделген мерзімде іске қосуды, кәсіпкерлермен жұмысты жүйелі жүргізуді тапсырды.

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін еліміздің мұнай -газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауы тиістігін айтқан болатын. Облыс әкімі Алик Айдарбаев мемлекеттік мекемелер мен мұнай компанияларының басшыларына геологиялық барлауды белсенді жүргізуді және жер қойнауын пайдалануға инвестиция тартуға жұмыстануға шақырды.

– Өзімізде шығарылған өнімдермен ішкі нарықтың сұранысын өтеуіміз керек. Бірқатар жауапты басшыларға өңірде аймақтық бағдарламаларды қаржыландырып, шағын және орта шаруашылықтарға жағдай жасап, кооперативтерге тартуды тапсырамын. Логистикалық бағытқа келер болсақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша елімізде және біздің облысымызда көліктік- логисткалық қатынас жанданып, жаңа жұмыс орындары құрылып, алыс-беріс, барыс-келіс артты. Көрші елдермен теміржол және Құрық порты арқылы, сондай-ақ еліміздің өзге өңірлерімен күре жолдар арқылы байланысқан жобаларды жүзеге асырып қана қоймай, жұмысын жүйелі жолға қою қажет, – деді облыс әкімі Алик Серікұлы. Аймақ басшысы өз сөзінде ағымдағы жылдан бастап халықты қолжетімді баспанамен қамтуға бағытталған «Нұрлы жер» бағдарламасы іске асатынын хабарлады. Ақтауда бас жоспарда қаралмағандықтан енді жеке үйлер салынбайтынын қаперге салды. Сондай-ақ облыс орталығындағы құрылыстар бірыңғай сәулеттік стильде салынатынын назарға берді. Ең алдымен үй салынбас бұрын инфрақұрылым тартылу қажеттігін қатаң ескертті. Білім саласына тоқталған облыс әкімі Алик Айдарбаев 1 қыркүйектен бастап тегін кәсіптік білім беру бағдарламасы жүзеге асатынын және ол үшін 26 колледж бен 8 ресурстық орталық 27 мамандық бойынша білім беретінін жеткізді. Ауыл жастарын еңбекке тартуға бағытталған «Жаңа серпін» аймақтық орталығының жұмысын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар бюджет тиімділігін түбегейлі арттыруды сөз еткен аймақ басшысы 2016 жылы бюджет орындалысы оң динамикаға ие екенін, осы жылы да осы бағыттан төмендеу қажеттігін ескертті. Мемлекеттік- жекеменшік әріптестік жобалары бойынша қала мен аудан әкімдеріне осы жылы 3 жобадан жасақтауды тапсырды.

Облыс әкімі Алик Айдарбаев насихат тобының құрамындағы жергілікті атқарушы орган мен ірі кәсіпорын басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағалары, үкіметтік емес ұйым мен зиялы қауым өкілдері,білім беру денсаулық сақтау және мемлекеттік қызмет ардагерлері қысқа мерзім халық арасында Елбасының үндеуі мен Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажеттігін назарға берді. Қазақстан халқы Ассамблеясы, кәсіподақтар көшбасшылары, партия бселсенділері, діни қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына қоғамдық пікірдің басты тетігі ретінде ақпаратттық жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырды. Елбасы Н.Назарбаевтың үндеуі мен Жолдауын өңір халқына насихаттап, оны жүзеге асыру бойынша депутаттық корпустың және мәслихаттың атқаратын негізгі жұмыстарынан облыстық мәслихат хатшысы Бекмұрат Жүсіпов хабардар етті. Бекмұрат Қыдырбайұлы өңірімізде Жолдауды халыққа түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық- насихаттық топтардың құрамына облыстық мәслихаттың барлық депутаттары енгенін және олар жақын күндері іске кірісетінін жеткізді. Облыстық мәслихат өз жұмысында Жолдауда көрсетілген негізгі басымдықтарды басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізетінін мәлімдеді. Облыстық мәслихат хатшысы Бекмұрат Жүсіпов депутаттардың басым көпшілігі ірі мекеме басшылары болғандықтан, өздері басқарып отырған ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін айтып, көпшілікті Елбасы Жолдауындағы басымдықтарды іске асыруда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қызметтенуге шақырды.

– «Нұр Отан» партиясы Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының үндеуін ел өміріндегі оңтайлы кезеңде қабылданған шешім деп санайды. Конституция мен еліміздің заңдарын қазіргі заманға сәйкес өзгерту шешімі халық тарапынан қолдау тауып жатқаны белгілі. Елбасы халыққа арнаған Жолдауында мемлекетіміздің нақты іс-әрекет стратегиясын айқындап, жаңа міндеттерді жүзеге асыруда билік партиясына ерекше міндеттерді жүктеді. Еліміздің басты саяси күші ретінде «Нұр Отан» партиясы жүктелген міндеттерді атқаруға тырысамыз. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – халыққа тек насихаттап, талқылап, түсіндіру ғана емес, ой-пікірін білу және ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына ұсыныстар жинақтау. Партияға жүктелген міндеттерге сәйкес аталған екі саяси маңызды құжаттарды жүзеге асыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп, медиа жоспар құрылды. Мемлекет басшысының үндеуі мен Жолдауындағы негізгі бағыттарды талқылау, түсіндіру мақсатында топтар құрылып, әртүрлі ақпараттық- әдістемелік құралдар дайындалды. Қазіргі таңда облыс, қала және ауданның партия филиалдары қызметкерлері, төрағалары, депуттардың қатысуымен халықпен кездесулер ұйымдастырылуда. Облыста 26 қаңтар мен 3 ақпан аралығында 57 кездесу мен жиналыс өткізіліп, БАҚ-та 100- ге тарта материал жарық көрді. Жолдауда белгіленген міндеттер мен шараларды жүзеге асыру партияның бақылауға алып, күнделікті мониторинг жасап, орталық аппаратқа жолдаймыз.Алдағы уақытта жүктелген міндет пен тапсырмаларды жауапкершілікпен атқарып, артылған сенім үдесінен шығуға жұмыстанамыз, – деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Халила Нұрғалиева.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

897
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
экономика қоғам маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Түйінді мәселелер төңірегінде сөз болды

Келесі жаңалық

Мұнайшылар Жолдауды қолдайды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Портовые города Актау и Пирей налаживают сотрудничество с учетом растущего потенциала ТМТМ

    12 ақпан, 10:29
    1566

    Мангистау опередил Астану по объемам инвестиции в науку

    22 қаңтар, 12:30
    1813

    Казахстан планирует утроить экспорт зерна в Иран в 2024 году

    10 қаңтар, 11:31
    1879

    Какие масштабные проекты были реализованы в Мангистау в 2023 году?

    [ 2023 ] 31 желтоқсан, 12:46
    1937

    Инвесторы из Китая заинтересованы в строительстве контейнерного хаба в портах Актау и Курык

    [ 2023 ] 6 желтоқсан, 12:50
    2060

    До 20 млн тонн в год планируется увеличить объем грузоперевозок по коридору Север-Юг

    [ 2023 ] 5 желтоқсан, 10:03
    2015

    Рубрикалар

      БейнеуБайқауАшық қоғамРедакция газеттеріБіле жүріңізанонсЖаңалықтарРедакция ұжымыМұнайлыХабарландыру

    Автордың басқа да жазбалары

    Саулығыңыз салғырттықты көтермейді

    [ 2018 ] 14 тамыз, 10:24
    1611

    Құм көшкініне тосқауыл бар ма?

    [ 2018 ] 9 шілде, 05:29
    3401

    Күйші Серіктің еңбек белестері

    [ 2018 ] 5 шілде, 12:54
    2035

    Ақтау қаласының әкімі журналистерді мерекесімен құттықтады

    [ 2018 ] 27 маусым, 13:10
    2260

    Мерекедегі мерей    

    [ 2018 ] 27 маусым, 09:31
    1675

    Бітімгершілікке келу – береке бастауы

    [ 2018 ] 25 маусым, 05:51
    1845

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»