«Нұр Отан» партиясының Ақтау қалалық филиалы ғимыратында ҚР Парламенті Мәжілісі депуттаттарымен кездесу өтті. Мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан басқосуда өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде іске асып жатқан жұмыстармен төңірегінде де кеңінен сөз болды.
Кездесуге облысқа іс сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары- Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сәкен Нұрұлы Өтебаев, Қауіпсіздік, халықаралық қатынастар жөніндегі комиссия мүшесі Ержан Төлепұлы Құдайберген, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Сәкен Әсембекұлы Қаныбеков, Экология мәселелері және табиғат пайдаану комитетінің мүшесі Марат Дәрібекұлы Бопазов қатысты.
Жиынды кіріспе сөз сөйлеп ашқан Ақтау қаласының әкімі С. Трұмов қонақтарды өткен жылы атқарылған жұмыстармен, жоспарланған межелі көрсеткіштердің орындалысымен қысқаша таныстырып өтті.
— Өткен жылдың басында қала бюджеті 27 миллиард теңге болып бекітілген. Төрт рет нақтыланып, жыл аяғында 32 миллард теңге бюджетіміз болды. Даму бюджетіне 14 миллиард теңге қаражат қаралды. «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға алдыңғы жылы 9, 2016 жылы 3 миллиард 400 миллион теңге жұмсалды, — деді Серікбай Өтелгенұлы.
Қала басшысы, әсіресе құрылыстың қарқынды жүргендігін атап өтті. Екі жылдан бері салынып жатқан 32 «а» шағын ауданына «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2 млрд. 200 млн. қаржы бөлінген болатын. 2016 жылы 34 шағын ауданда құрылыс басталып, қаралған 474 миллион қаражат толық игерілді. Жалпы жоба құны 1 млрд. 600 млн. теңге. Шағын ауданнның ішкі жүйелері, көлік , жаяу жүргіншілер жолдарын асфальттау, балалардың ойын алаңдары бәрі қамтылып отыр. Сондай-ақ, 3-4 елді мекенен тұратын, 5,5 мыңдай халқы бар Өмірзақ ауылыны үшін «Нұрлы жол»дан 25 млн. теңге қаржы жыл аяғында толық игерілді.
Өткен жылдың қиындықтары да болды. Мұнай бағасының төмендеуі, кейбір мекемелер жұмыстарының баяулауы біраз іске қолбайлау болғаны рас. Дегенмен, бюджет түсімі жақсы болды. Бұл құрылыс жұмыстарының арқасы. Сонымен бірге, орта және шағын бизнестің ықпалы ерекше болғандығын айта кеткен жөн.
— Былтыр 56 миллиард теңге көлемінде құрылыс жұмыстарын атқардық. Өткен жылғы көрсеткіш 48 миллиард теңге болатын. Өндірістік мекемелеріміз 158 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бір қуанарлық жәйт, инвестиция сәл төмендеп қалғанына қарамастан өңірімізде, Ақтауда тұрғын үй кешені көптеп салынуда. Алдыңғы жылы 247 , 2016-да 285 мың шаршы метр құрылыс алаңы пайдалануға берілді. Оның ішінде жеке кәсіпкерлердің үлесі жоғары. Былтыр облыс бойынша 700 мың шаршы метр тұрғын үй кешені тапсырылды. Қаламызда еңбекке қабілетті 120 мыңдай адам бар десек, оның 70 мыңы кәсіпкерлердің үлесіне тиеді. Орта және шағын бизнестің үлесі 60 пайызды құрап отыр. Бұл жақсы көрсеткіш. Жалпы өңірлер ішінде құрылыс қарқыны бойынша Маңғыстау облысы Алматы, Астанадан кейінгі үшінші орында, -деді қала әкімі С. Трұмов.
Серікбай Өтелгенұлы жыл соңында орын алған «Масат» базарында болған өртке байланысты да айта кетті. 192 сауда сөресін, 15-тей контейнерді өрт шалған. Қазір себептері анықталуда. Базар әкімшілігі зардап шеккендерге 200 -300 мың теңгеден бір жолғы жәрдем беру мүмкіншілігін қарастыруда. Сауда жасаушыларға басқа базарлардан орын ұсынылуда. Күні бүгін «Сарыбазар» басшылығы 200 орын ұсынып отыр.
Алғашқы болып сөйлеген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәкен Өтебаев аймақ бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты ой-пікірлерін білдірді, атқарып жатқан жұмыстары жайында қысқаша хабардар етті.
— Мәжіліс депутаттары тоқсан сайын 10 күнге өңірлерге жолсапарға шығып тұруға тиісті. Бұл жолғы келістің мақсаты да тұрғындармен кездесу, ұсыныстарын білу, жинақтау, маңызды мәселелерді үкімет алдына қою. 2016 жылы Мәжіліске 101 заң келді мәжіліске. Соның ішінде 53 –іне Елбасы қол қойса, 20-сы бізде қаралуда, 30-ы Сенат пен Үкіметтің қарауында. Маңғыстау сапары барсында тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, білім, денсаулық, заң саласы өкілдерімен кездесу, облыстың аудан қалаларында болу, атқарып жатқан жұмыстарды көріп, мамандармен пікірлесу. Кеше Құрық кентінде болып, бірінші кезегі пайдалануға берілген паром кешеніндегі құрылыс барысымен танысып, Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың игерілуі, «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуы барысымен танысып қайттық. Бейнеу-Шетпе жолының жай-күйін білу, Бейнеуден тартылған 50 километрлік жолдың сапасын көру, басқа да бірнеше жұмыс жоспарымыз бар , — деді Сәкен Нұрұлы.
Халық қалаулысы Маңғыстау облысы тұрғындарының талап-өтінішіне қатысты атқарып жатқан жұмыстарынан да хабардар ете кетті. Әсіресе, көпшілікті мазалап отырған темір жол қатынасы мәселесіне толығырақ тоқталды. 2019 жылы Ақтау мен Алматы арасына қатынауды «Тальга» вагондарына ауыстыру көзделіп отырғанын жеткізді. Жағдайдың өзектілігін ескере отырып, жерлесіміз Премьер-министрдің атына сауал жолдап, осы мерзімді 2017-ге жақындату жайында мәселе көтеріп отырғандығын айтты. Көпшілікті мазалап жұрген Маңғыстаудан мұнай өңдеу зауытын салу мәселесіне қатысты ұстаным, ой-пікірін білдіре кетті. Күні бүгінге дейін бұл зауыттың қайдан салынатыны әлі нақтыланбай отырғаны белгілі. Өз өкілеттігін пайдалана отырып, Үкіметке шығып, бұл мәселенің нәтижесінен хабардар ететініне сендірді.
Кездесуде «Қошқар ата» көлінің экологиялық ахуалы, залалсыздандыру мәселесі, Түркменстанмен арадағы виза жайы, азаматтарды уақытша тіркеу, «Самұрық-Қазына» енгізген мұнай кәсіпшіліктеріне жұмысқа қабылдауға жарияланған мараторий қаншалықты заңдылығы, мерзім уақыты, тұрғындардан коммунальдық қызметке деген қарызды өндіру тетіктерін жетілдіру, басқа да көптеген мәселелерге қатысты сауалдар қойылды. «Ғылым» туралы заңға өзгеріс енгізу қажеттілігі сөз болды. Ғылым кандидатын қорғау үшін мамандар үш жыл күндізгі бөлімде оқуы керек. Амалсыз ғылыми –зерттеумен айналысатын мамандар ғылыми дәрежені Мәскеу, Баку, Қырғызстан, басқа де елдерге барып қорғауға мәжбүр. Біздің ғылыми жаңалықтарымыздың нәтижесін өзгелер көруде.
Сауалдарға жауап берген Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттары – С.Қаныбеков, М.Бопазов, Е.Құдайберген еліміздің ұстанып отырған ішкі-сыртқы саясаты, ланкестіктен сақтану шаралары, Каспий тазалығы, туризмді дамыту мүмкіндіктері төңірегінде сөз етіп, ой-пікірлерін білдірді, алдағы жұмыс- жоспарларымен бөлісті.
Болат Үмбетов