©
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы » 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 Қаулысымен бекіген «Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік Ережеге » сай 2016 жылдың 30 қаңтарында Түпқараған ауданының Қоғамдық кеңесі құрылды.
Аудандағы саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, қоғамдардың, кәсіподақтың, діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының Қоғамдық кеңеске қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатымен ауданның Қоғамдық кеңесіне 25 өкіл енгізілді. Азаматтық қоғам институты өкілдерінен 16 , жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінен 2, кәсіпкерлер палатасынан 1 , мемлекеттік орган өкілдерінен 5 ұсыныстар түсті. Азаматтардың бәрі дерлік ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабындағы Қоғамдық кеңес мүшелеріне қойылатын талаптарға сай келді. Кеңес құрамында 20-30 жас арасында 1 , 30-40 жас арасында 2 , 40-50 жас арасында 7 , 50 жастан жоғары 15 азамат бар. 2-уі орта, 2-уі арнаулы орта, 21-і жоғары білімді азаматтар. Мамандықтары бойынша 8 педагог, 2 дәрігер, 1 мәдениет қызметкері, 3 инженер –техник, 1 заңгер, 4 экономист, 3 мал дәрігері, 1 дін қызметкері, 1 БАҚ өкілі болып табылады.
Қоғамдық кеңес құрамының 72 пайызы коммерциялық емес азаматтық қоғам институттарында , 28 пайызы мемлекеттік органдарда істейді.
Құрамның 36 пайызы әйелдерден, 64 пайызы ер азаматтардан тұрады.
Құрам жұмыс жасауға толық қабілетті.
2016 жыл ішінде Қоғамдық кеңес жоспарға сай жұмыс істеді.
Жыл ішінде Қоғамдық кеңестің 18 отырысы өтіп, барлығы 41 нормативтік құқықтық актілер жобалары талқыланды. (Қоғамдық кеңестің отырыстарында қабылданған шешімдер тізбесі жалғанды.)
Қоғамдық кеңес 16 рет қоғамдық тыңдау өткізді. Олардың 2-уі Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесінің ұсынысы бойынша өткізілді. Мұнда «Қоғамдық кеңес және оның ролі туралы », «Жер реформасына қатысты өзекті мәселелер туралы» тыңдалды. 14 рет бюджеттік бағдарламалардың жобалары, аумақтық даму бағдарламалары, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары талқыланды. 5 рет мемлекеттік органдар басшыларының , бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері тыңдалды. Соның ішінде аудан әкімі Т.Т.Асауов « Түпқараған ауданының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының орындалысы» және «Ауданның 2016 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы » есеп берді. Аудандық жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы Н.Қуанышбаевтың есебі тыңдалды. Қала әкімі М.Дощановтың «Форт –Шевченко қаласының 170 жылдық мерекесіне әзірлік барысы туралы» ақпараты тыңдалды. «Баутин ауылындағы НКОК базасында жұмыс істейтін «НСС ЛТД» ЖШС-інде қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуал» талқыланып, арнаулы Қарар қабылданды.
Қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларына кеңес мүшелерінен басқа 112 жергілікті тұрғындар қатысты.
Аудандық мәслихат хатшысы: А.Досанова