АҚШ долларының бағамы 446 теңгеден асты. Бұл туралы Kurs.kz хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пункттерінде 1 доллар сатып алудың орташа бағасы – 420 теңге, ал сату – 446,2 теңгеге жетті.
Алматыда 1 доллар валюта айырбастау пункттерінде орташа есеппен – 424,3 теңге, ал сату - 439,4 теңгені құрайды.
Шымкентте айырбастау орындарында 1 доллар сатып алудың орташа бағасы 418 теңгені құрайды, әзірше доллар сату тоқтатылды.
Қазақстан Ұлттық Банкі дүйсенбі күнгі белгілеген АҚШ долларының ресми бағамы 405, 46 теңгені құрайды.