Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізіп,жалақы көлемі кезең-кезеңімен ұлғаяды , деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
-Мен ең төменгі жалақыны 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді, - деді Қазақстан Республикасының Президенті бүгінгі Жолдауында.
Ол зейнетақы жүйесін нақтылап қайта іске қосуға тура келетінін атап өтті.
-Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін жеткізу қажет. Бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын да әзірлеу қажет, - деді Мемлекет басшысы.