Бұл туралы бүгін ел президенті мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап елдегі ауыл тұрғындарының сұранысына бағытталған ұлттық жоба жүзеге асатынын айтты.
«Екі жылдың ішінде медициналық мекеме жоқ 650 ауылда медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жабдықталады. Осылайша мемлекет миллионнан астам азаматтың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемеге айналады, оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімдері болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл төрт миллионнан астам азаматқа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін де атап өтті. Сонымен қатар шалғай елді мекендердің тұрғындарына білікті көмекке жол ашатын телемедицина да дамиды.