Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Үкіметке битум тапшылығын жою мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.
«Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім.
Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек.
Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс"-деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ол Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатқандығын, елде біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспеуі секлді мәселелердің туындауы Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан деп баға берді.
"Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді»,-деп мәлімдеді ел Президенті.