Мемлекет басшысы әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы керектігін атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев жарияланған Балалар жылы аясында принципті түрде жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосу аса маңызды екенін атап өтті.
"Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін, мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына шегеруді ұсынамын. Кәмелетке толған кезде жинақталған сомалар баспана сатып алу, білім алу мақсатында пайдаланылады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік өмірге нағыз жолдама береді. Қор шын мәнінде жалпыұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет етеді. Осыны мұқият зерделеу қажеттігін ескеріп, ауқымды істі қолға алып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.