Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.
«Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды",-деп атап өтті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауы тиістігін, сондай-ақ жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторийдің күшін жоюы жұмысқа оң ықпалын тигізетіндігін атап өтті.