Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен Өмірзақ ауылының әкімдігі бірлесіп, шағын-азық түлік дүкендерін аралады. Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар тауар бағаларының сауда үстемесінің сақталуы тексерілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Мониторинг барысында азық-түлік тауарларының сауда үстемесінің 15% аспауы қажет екені түсіндірілді. Сонымен қатар сөредегі барлық тауардың бағасы көрсетілуі қажет екендігін де айтып өттік»,- деді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Дәулет Белек.
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімінде 19 түрлі өнім: ұн, нан, мейіз, жұмыртқа, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс және сары май, ет (сиыр еті, тауық еті), сүт өнімдері (сүт, айран, сүзбе), көкөністер (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) және тұз бар.