Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, - деп Мұқағали ақын туған жерін жырға қосса, өңірімізге танымал сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, өлкетанушы Мақсұт Нұрқабаев Маңғыстауға деген махаббатын фотолар арқылы көрсетеді.
Өз еліңмен мақтану үшін оның дәстүрін, тілін, дінін білу керек, туған жерінің табиғатын сүю керек. Жастарға туған елдің ерекшелігін таныстыруда мұражайлардың, жылжымалы көрмелердің, көшедегі баннерлердің рөлі зор. Осы ретте М. Нұрқабаевтың Маңғыстаудың әсем табиғатын бейнелейтін фотосуреттер жинағын сайт оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="51561,51563,51564,51562,51559,51558,51560,51567,51556,51568,51566,51565,51557,51573,51572,51570"]