Желіде бүгінгі тақырып – латын қарпі. "Жаңа әліпби 25 әріптен тұрады" деген ақпарат тарай бастағаннан-ақ, көпшілік «Фейсбук» қолданушылары өз есімдерін жаңа әліпбиде жазып көруге көшті. Жаппай латын қарпі жайлы пікір қалдыруға көшкен қолданушылардың көзқарасы төмендегідей:
«Латын әліпбиінде «Э» әрпі жоқ екен. Бүгіннен бастап есімім жоқ. Мен ессізбін», - деп қалжың аралас шындықты жазады Эльдар Тұрсынғалиұлы.
Ал Тимур Бектұр жаңа әліпбимен – Timwr Bektur. IT маманы Тимур Бектұрдың ойынша латын қарпін Қытайдан келген қандастарымыз жасаған.
Латын қарпінің кемшіліктері
Бұрынғы алфавитімізде 42 әріп болғаны белгілі, ал Ә, Ө, Ү, Ғ, Ч, Ш, Ж деген әріптері су жаңа әліпбиде атымен жоқ, олар диграфтармен жазылады.
«Ағылшын және орыс тілдеріндегі түпнұсқа мәтінді қазақ тіліне жазбаша аударғанда қағаз бетінде алатын көлемі жағынан көптеу болатын. Кирилл әліпбиінде. Латын әліпбиінде қазақ тіліндегі аударма мәтін диграфтар есебінен одан да көп орын алатын сияқты»
Нұрғиса Асылбеков
Парламентке және жалпы талқыға ұсынылған латын әліпбиі нұсқасының минустары: - Көптаңбалылық. Жалпы формасы бойынша латын әріптері кириллицаға қарағанда жұқа. Оны мәтін транслитін жасаған кезде де байқауға болады. Көп орын ықшамдалады. Ал мына нұсқа бойынша керісінше таңба саны көбейеді. - Дыбыстарды жоғалту қаупі. Нақты таңбасы болмағандықтан Ә, Ө, Ң сияқты дыбыстар ұқсас баламалары арқылы жазылып кейін солай айтылып кетуі де ғажап емес. - Жаңа ереже. Орфографиядан бастап басқа да жаңа ережелер бәрінің миын ашытатын болады. - Ұсқынсыздық. h,y,n,g әріптері бір бірінің қасында жиі көрінетін болады. Нәтижесінде мысалы "жағыңның" деп жазу үшін "zhaghyngnyng" деп жазуың керек болады. - Қосымша таңбалардан қашу. Латынды қолданатын басқа халықтардікін қарайтын болсақ, немістер түк қиналмай-ақ Ä-ä, Ü-ü, Ö-ö таңбаларын қолданып жүр. Еуропаның көп халқы асты-үстімен түрлі таңбалар қолданады. Еш мәселе жоқ бұнда.
Бұл нұсқаны жалпы ғалым деп аталатын адамдар құрастырғанына күмәнім бар. Кейінгі мәселелерінің себеп-салдары болжанбаған сияқты. Бәрінен де латынға көшеміз деп қуанғандарды мына нұсқа суытып, кириллицада қала беруді ұстанатындар көбейетін болады. Нәтижесінде тілге және ұлтқа пайдасыз қоймалжың нәрсе шығады, қазақ тілінің мәртебесі түсіп, жұрт ағылшынға көше бастайды және ақылдылардың шетелге көші басталады. Менің болжамым осы.
Аршат Ораз
«Латиницадағы "Лапша" немесе Əліпби әлегі»
Латиницаға өтеміз дегенде бөркін аспанға атқан қазақтың бірі едім... Қазақтың төл əріптерін белгілеу көптеген достарыма ұнамапты...Маған да ұнамайды! Құлдық санадан құтылудың төте жолы – қазақша әліпби,- еді. Бірақ, жаңа қаріптер құлаққа ілген лапшаны еске түсіреді! Кəсіби тіл мамандары сингармонизм және де басқа да тіл ерекшеліктері ескеріп, жазуға ыңғайлы етіп жасағанын қалар едік... Ақымақ кім көрінгенмен ақылдасады, ал, ақылды кəсіби маманмен ақылдасып шешеді ғой...(Глупый с кем попало советуется, а, умный с профессионалом) P.S. Өзбектердің тәжірибесі бізге сабақ болса игі еді... Быламық көже сияқты əліппенің ғұмыры ұзақ болмайтын ескерту ғана еді
Советқазы Нұрсила