©
Салған суретіне қарап адам мінезін білуге бола ма? Адамның бос уақытында жасайтын шығармашылығы оның ішкі жан дүниесі мен мінезін айқын бейнелейді. Мына шағын графикалық тесттен өту арқылы өзіңіз жайлы көп мағлұмат алатыныңызға еш күмәнданбаңыз. Сізден сұралатыны тек үй, ағаш жəне адам бейнесін елестете отырып, қиялыңыздағы бейнені қағазға түсіру. Ең бастысы, ешқандай сурет салу өнеріңіз болмаса да, ойыңызға келген жоғарыдағы көрсетілген тақырыптар бойынша оларды жік-жігіне бөліп, əрбір қағазға салып шығуыңызға болады. Ағаш, үй жəне адамды əртүрлі қағаздарға бейнелеңіз. Əрбір суретке 5 минут уақыт беріледі. Суретке кірісіп кеткеніңізде мақаланы жалғастырып оқымаңыз. Сурет салып болған соң ғана салынған бейнені зерделеп қараймыз. Ал сіздің жан дүниеңіз қандай екен? ҮЙ Сурет көлемі Парақтың қанша бөлігін сурет құрап тұр? Егер 1/3 бөлігі ғана болса, онда психологтардың пайымдауынша, ол адам өз-өзін жақсы бағаламайды. Сурет көлемі қаншалықты үлкен болса, адам өзін- өзі соншалықты құрмет тұтады жəне əрқашан сенімді жүреді. Терезе Үйдің терезелеріне көңіл аударайық. Олардың саны қанша болса, демек автор үшін де сонша адам маңызды. Ал егер автор ешқандай терезе салмаған болса, оның жанына жақын адамның жоқ екенін көрсетеді. Шатыр Шатырдың суреті адамның қиялына байланысты. Шатырдың әдемілігі сіздің қиылыңыздың қаншалықты ұшқыр екендігін көрсетеді. Коттедж немесе көп бөлмелі үй Егер адам көп бөлмелі үй салған болса, онда адам тез тіл табысқыш жəне ортаның адамы. Есік Үй есігінің үлкендігі қандай? Ол есік ашық па? Үйге кіру қаншалықты қиын? Мұның бəрі автордың ашық не тұйық екенін көрсетеді. Егер есікке жету үшін баспалдақтан өту қажет болса, онда ол адамның жанын жаулау қиынға түседі. Есікте үлкен құлып тұрса, ол адамның əлеуметтен өте алшақ екенін білдіреді. Үйдің жайлылығы Үй мұршасынан түтін шығып тұр ма? Үй айналасында немесе ішінде гүлдер өсіп тұр ма? Үйдің атмосферасы қандай? Мұның барлығы адамның отбасындағы рөлі мен орнын айқындайды. Егер үй іші суық əрі жайсыз болса, онда сурет авторының күйзелісте екенін көрсетеді. АҒАШ Қылқанды немесе жапырақты? Психологтардың айтуынша, қылқанды ағаштың суретін салған адамның көңіліне жол табу қиынның қиыны. Егер адам экзотикалық ағаш салған болса, онда ол өз жолын əлі таппаған. Ағаштың басы үлкен бе? Үлкен көлемді ағашты салған адам энергияға жəне аса мол күш-қуатқа ие. Солып, өліп қалған аз жапырақты ағаш сызған адам анық күйзеліске түскен. Ағашта жемістер өсе ме? Егер адам ағашқа жемістерді бейнелеген болса, ол отбасында балаларына өте көп мəн беретінін көрсетеді. Ағаштың тамыры Анық салынған ағаш тамырына қарап сурет авторының өте сенімді əрі жауапты адам екенін көруге болады. Бұталары Егер ағаш бұталары ұзын əрі тік болса, адамның жүріп келе жатқан жолы да дұрыс болғаны. Ал егер қисық болса, адамның жолы кей себептерден басқа арнаға түсіп кеткен. Егер қос сабақ болса, онда адам екі жолдың біреуін таңдауы керек болғаны. АДАМ Психологтардың айтуынша, сіз салған суретте өзіңіз бейнеленгенсіз. Яғни сіз өз-өзіңізді салғансыз. Жынысы Егер адамның жынысымен суретте салынған бейненің жынысы сəйкес келмесе, ол адамның ортадағы орны мен рөліне көңілі толмайтынын білдіреді. Əйел сұлбасын салған ер адамына шектен тыс сезімтал мінез, ал ер адам бейнесін салған əйелге агрессиялық албырттық мінез тəн. Бас Бас көлемі адамның ақыл-ойының кеңдігіне үлкен əсер етеді. Қол Егер қол анық салынбаса, сурет иесінің агрессияға жақын екенін көрсетеді. Ал екі қол қалтаға салынған күйде бейнеленсе, автор ашуының алдын алып, өз-өзін ұстай алатын қасиетке ие. Адам қолында бір зат ұстап тұрса, онда ол біреудің қамқорлығын қажет етеді. Бет келбеті Адамның барша органы бейнеленсе адам өзін-өзі толықтай сенімді сезінетін, қоғамда рөлін тапқан жандар қатарында. Егер көз анық салынса, онда ол бақылаушы, құлақ бейнеленсе, ол адам басқаларды ести алады. Ауыз мүшесіне баса назар аударылып суреттелсе, адам сөйлескенді, əңгіме-дүкен құрғанды қалайтындарға жатады. Шаш Бетті жауып тұратын шаш үлгісі салынса, адамның тұйық екенін білдіреді. Аяқ Егер аяқ тік əрі аяқ киім көрініп тұрса, адамның сенімді екенін көрсетеді. Жабық салынған немесе мүлде көрінбей қалған аяқ сұлбаланса, адамның қорғансыз екенін жəне сенімсіздігін көрсетеді. Суретіңіздің барлық деталін тексердіңіз бе? Сипаттамалар сәйкес келді деген ойдамыз. Өйткені бұл — дәлелденген психологиялық тексеріс түрі. Ойынның соңында өзіңіз білетін және бұған дейін аңғармаған бойыңыздағы қасиеттерден хабардар боласыз. Дереккөз: ikerim.kz