Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар аудан әкімі А.Қосуақовтың үнемі бақылауында. Аудан әкімі теңіз жағалауында іске асырылып жатқан абаттандыру жұмыстарының тұрғындар үшін маңыздылығын ескерте отырып, мердігер мекемеге құрылыс материалдарының сапасына мән беруді және уақытында аяқтауды тапсырды.