• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 12 Мамыр 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстаулық жас спортшы ел чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды...

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы ш...

Маңғыстау облысы «сары» аймаққа өтті...

Ақтауда облыстық жас ақындар айтысы өтті...

Футбол: Қостанайлық «Тобыл» командасы «Каспийге» есе жіберді...

  • USD: 427.22 ₸
  • EUR: 519.71 ₸
  • RUB: 5.78 ₸

Көрінбейтін жаумен айқас

[ 2020 ] 16 қараша, 09:44  |  Маңғыстау жаңалықтары

Біздің батырлар. Кішкентайымыздан ертегі оқып, соғысқа қатысқан ардагерлердің естеліктерін тыңдап өскен біздің буын үшін батыр — қолына қару алып, елін қорғаған жауынгер ғана болатын. Одан беріде теледидар, электрондық құралдар арқылы ойдан шығарылған батырлардың алуан түрі шықты. Ал қазір әлем мойындаған хас батырлар — қарапайым дәрігерлер болып тұр. Жауды жайратып тастаған небір жаужүрек ерлердің өзін жараланғанында оттың арасынан сүйреп алып шығып, емдейтін де осы дәрігер емес пе? Шыбын жанын шүберекке түйіп, батырды қауіпті жерден алып шығудың өзі ерлік емей, немене?! Бірақ бейбіт өмірде мұны ескеріп жатқан кім бар? Денсаулығымызға салғырт қараймыз да, ауру асқынған соң дәрігерге көрініп, ем қонбаса, оған өкпелейміз. «Түк білмейді» деп, кінәлап, «дұрыс қарамады» деп қаралайтынымыз өтірік емес...

Алайда, «алтын кездік қап түбінде жатпайды». Ғалым біткеннің еңсесін түсіріп, ел басқарған азаматтардың есін алып, жаһан жұртын әбігерге түсірген Сovid-19 індеті ақ желеңді абзал жандардан асқан батыр жоғын тағы да дәлелдеді. Көзге көрінбейтін жаумен шайқасып, алдына келген әр адамның өмірі үшін арпалысқан қаншама дәрігер құрбан болды... Жадырап тұрар жазымыз қан жұтумен өтті...

Қазір қала көшелерінде жарқыраған жарнамалар орнында «Біздің батырлар» айдарымен әншейінде еңбегі елене бермейтін қарапайым дәрігерлердің суреттері салынған билбордтар ілінген. Әрі-бері өткен сайын өз денсаулығын екінші, тіпті үшінші орынға қойып, адам амандығы үшін жан алып, жан беріскен оларға мақтанышпен қараймыз. Біздің мақтаныш-батырларымыздың арасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық директоры Алмабек Бисен де бар.

Алмабек Қонарбайұлының мамандығы эпидемиолог. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының санитарлық-гигиеналық факультетінде алған білімін шыңдап, мамандығы бойынша үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан ол еңбек жолын Атырау облысының Қызылқоға аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасында дәрігер-эпидемиолог болып бастаған-ды. Бұдан кейін Мақат, Балықшы аудандарында дәрігер-эпидемиолог, санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бас дәрігері, Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1994 жылы отбасымен Маңғыстауға қоныс аударған А.Бисен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының Ақтау теңіз портындағы санитарлық-карантиндік бөлімінің меңгерушісі қызметіне кіріседі. Біліктілігімен, еңбекқорлығымен көзге түскен оны Ақтау қалалық санэпидстансасының бас дәрігерлігіне тағайындайды. Көп ұзамай СЭС жабылып, Алекең облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына ауысады да, мұнда туберкулезді қадағалау және шекараны санитарлық қорғау бөлімін абыроймен басқарады. Бұл, екі мыңыншы жылдың алғашқы жылдары, туберкулездің өршіп тұрған кезі еді. Сол жылдары Алмабек Қонарбайұлы осы аурумен талмай күрескенін көзіміз көрді. Қоғамдық орындардағы, тұрғын үйлер арасындағы, қоғамдық тамақтану нысандарындағы, балалар мекемелеріндегі алуан түрлі тексерулер мен рейдтерге СЭС қызметкерлерімен бірге журналист ретінде біз де қатысып, талай олқылықтардың беті ашылуына куә болдық. Бүгінде туберкулез ауруының бәсеңдеуі осындай азаматтардың ерен еңбегінің жемісі деуге негіз бар.

Өңірімізде Мұнайлы ауданы жаңа ашылып жатқан 2007 жылы іс тетігін білетін эпидемиолгқа аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасын басқару сеніп тапсырылды. Жұмыстың ауыры қайда болса, сонда жүруге үйренген Алекең бұл жерде жұмысты тыңнан бастап, аудан көлемінде алғашқы медициналық санақ жүргізуді ұйымдастырып, аудан тұрғындары арасында әр түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша нақты шаралар жасақтады.

Айтпақшы, оның жан жары Гүлзия Асқарқызы да эпидемиолог дәрігер. Ата-анасына еліктеп өскен тұңғышы Азамат пен келіні Райхан Ғабитқызы да эпидемиологтар. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмабек Қонарбайұлын облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері қызметіне тағайындағанында, Азаматты Мұнайлы аудандық МСЭҚ басқармасы басшысы қызметіне қойды. Бұған дейін ол облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде бас маман болып, біраз тәжірибе жинақтаған еді.

А.Бисен облыстағы туберкулезге қарсы мекемелердің құрылымдарын заман талабына сай қайта жасақтап, олардың материалдық-техникалық жағдайларын жақсартып, нығайтуды ұйымдастырды. Оның тұсында туберкулез ауруымен сырқаттану, одан болатын өлім-жітім көрсеткіштері 30-40% төмендеді.

Жоғары санатты эпидемиолог дәрігер облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары қызметін де атқарды. Эпидемиологтар әулетінің басшысы Алмабек Бисен қазір ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығымен қатар басқарманың ахуалды орталығын да тең басқарып отыр. Халық денсаулығын жақсарту үшін не істе десе, соны бүкіл білімі мен білігін сарп ете атқаратын ол денсаулық сақтау саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыс әкімінің Құрмет хаттарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Ал жақында ғана оның наградалары «Парасат» орденімен толықты. Екінің біріне бұйыра бермейтін осынау марапат иесін тапқанына қатты қуандық. Өйткені, саналы ғұмырын сіз бен біздің денсаулығымызды сақтау жолына арнап келе жатқан бұл азамат коронавируспен күресте де ерлікке пара-пар іс көрсетті. Отбасы жылуын ұмытып, әріптестерімен бірге бірнеше айлап індетке шалдыққан науқастардың жанына барынша араша түсті.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен биылғы 15 наурыз күні елде төтенше жағдай жарияланғанда, 18 наурызда денсаулық сақтау басқармасы басшысының індетке қарсы профилактикалық шаралар туралы бұйрығы шығып, облыс орталығынан 3 стационар ашылды. Оның біреуі облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінен ашылған инфекциялық госпиталь. Мұнда ауруы нақты анықталған науқастар емделеді. Ал 1 шағынаудандағы бұрынғы қалалық перзентхана базасында және облыстық тубдиспансерден провизорлық госпиталь ашылды. Провизорлық госпитальда дене қызуы, жөтел сияқты белгілері бар, бірақ ауруы нақты дәлелденбеген науқастар жатады. Үшінші стационар, яғни карантиндік госпиталь Ш.Есенов атындағы КМТжИ университетінің 3 шағынаудандағы жатақханасында ашылды. Алуан түрлі шаруаларымен шет елдерде жүрген жерлестеріміз ұшақтан түскен бойда осында әкелінетін. Ақпан айында осы госпитальдегі барлық жұмысты ұйымдастырып, жолға қою міндеті Алмабек ағайға жүктелді. Сол күннен бастап дәрігерлер аса жауапты да тым ауыр жұмыстарға кірісіп кетті. Біздер балаларымыздың қасында, сақтық шарасын біріміз сақтасақ, біріміз сақтамай, тіпті коронавирустың барына күмәнмен қарап, әлеуметтік желілерде желдей есіп жүрген жалған ақпараттарды желеу етіп, күлкіге айналдырып, жасырын той тойлап жүргенімізде дәрігерлер отының басынан, бала-шағасы мен ата-анасынан жырақтап, адам амандығы үшін күресті.

Карантиндік госпитальға 250 кереует қойылып, жолаушыларды қабылдап, олардың тамақтануы, жуынатын орны, төсек орны сияқты жағдайларын жасап, қызмет көрсететін медицина қызметкерлерін ұйымдастыру тәрізді қыруар шаруалар Алекеңнің мойнында болды. Негізінен Түркиядан, Ресейден келетін ұшақтар күндіз де, түнде де, тәтті ұйқының кезі—таң алдында да қона береді. Жолаушыларды осы госпитальға қабылдап, коронавирустен тексеруден өткізеді. Талдама қорытындысы шыққанынша оларға осында барынша ыңғайлы жағдай жасалды. Ковидке оң нәтиже көрсеткендерін бірден инфекциялық госпитальға, ал талдама нәтижесі теріс болғандар белгілі уақытта үйлеріне жіберілетін. Науқастармен қарым-қатынаста болған, бірге тұрған адамдар да сонда жатқызылып, тексеруден өткізілді.

Айтуға оңай, алайда, жаңа шығып жатқан індет болғандықтан қиындықтар аз болған жоқ. Дәрі-дәрмекті жетістіру, госпитальда жатқан адамдардың тамақтануы, олардың төсек орындарын ауыстыру, кір жуу секілді жұмыстарға қатысты мәселелерді шеше білу үшін де мол тәжірибе керек-ті.

Госпитальға 18 наурызда келген Алмабек Қонарбайұлы мамыр айының басында бір-ақ босады. Осы уақыт ішінде мұнда 2200-дей адам түсіп, олардың 203-нен ковид табылып, емделуге жіберілген.

Тәулік бойы тынымсыз ауыр жұмыстан қажыған Алмабек аға жазда кезекті еңбек демалысын алып, біраз тыныққысы келген. Бірақ бұл ойы болмады. Демалысқа енді шыға берген оны шұғыл жұмысқа шақырды. 1 шағынаудандағы провизорлық стационарда жетекші болған 5-6 дәрігер ауырып қалған екен. Ел басына күн туған уақытта қара басын күйттеуге дәті шыдамайтын, емдеу орнын басшысыз қалдыруға болмайтынын білетін Алекең маусым айының аяғында үстіне обаға қарсы қолапайсыз костюмін, қолдарына екі қабатты қолғабын киіп, бетін тұмшалап алып, қауырт жұмысқа қайта кірді. Дәрігер біткен солай жүр.

Аурудың нағыз асқынып тұрған кезі. Күніне бір емес, бірнеше адам көз жұмып жатты... Ауруханаларада орын жоқ. Сыйғандары дәлізде жатты. Қосымша қойылған төсек-орындыр да аздық етті. Дәрі-дәрмек, аппаратура жетіспейді. Қарапайым дәрілердің де табылмай қалғаны жанды жеді. Ал ең ауыры — дәрігерлердің жетіспеуі еді. Әншейінде облысқа әлі 250 дәрігер керек деп отырғанымызда, мынадай жағдайда барының өзі індет жұқтырып, ауырып, жұмыста жүрген дәрігерлер мүлдем мүшкіл халге кезікті. Үй көрмей жүрген дәрігерлердің паналайтын қонақүйлердің өзінде орын табылмай, састырған жайттар да болды. «Мен эпидемиологпын, өз жұмысыммен айналысамын» дейтін мұрша жоқ, Алекең лезде емдеуші дәрігерге айналып, науқастарды қарауға, реанимация залында жұмыс істеуге тура келді. Арасында індет ушығып кеткен Бейнеу ауданына да барып, бір апта жұмыс жасап келді.

- Провизорлық госпитальда жалғыз реаниматологтың күндіз-түні бірдей жұмыс жасағанын көрдік, - дейді Алмабек Қонарбайұлы. - Бөлімшеден шыға алмайды, сол жерде тамақтанып, тәулігіне 1-2 сағат қана көз ілдіріп алып, жұмыс жасады. Инфекционист, пульманолог, анестезиолог, педиатр дәрігерлердің де тапшылығы жанымызға батты. Дегенмен, сол кезде әкімдік, депутаттар мен кәсіпкерлердің жақсы көмектескенін де айтып өткен дұрыс болар. Олар дәрі-дәрмектерді жетістіріп, қажетті аппаратураларды алып берді, кислородты баллондармен қамтыды. Маска, халат, қолғап сияқты күнделікті қажет болып тұрған жеке қорғаныс құралдарын да жеткізіп тұрды. Көлікпен де көмектесті. Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай да қасымызда жүрді. Қалалық әкімдік тарапынан күніне беріліп тұрған 40 литр шұбат науқастарға да, дәрігерлерге де жететін. Азық-түліктен де кемдік болмады. Алайда, адам шығыны болғаны өкінішті...

Иә, осы жаздың ауыр күндерінде жұмыс істеген дәрігерлердің жадынан өмір бойы өшпейтін, орны толмас өкініш бұл. Сағат санап, уақытпен санасуға да, денсаулыққа қарауға да шама жоқ кезде Алмабек ағамыз да ауырды. Денсаулығы бұзыла бастаған бастапқы кезде салқын тиген шығар, әлде аллергия болар деп, денсаулығын кейінге ысырып қойып жүргенінде екі жақты пневмония екенін амалсыз рентгеннен түскенде бір-ақ білген.

Карантин кезінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық қызметкерлері басқа мекемелер сияқты, қашықтықтан жұмыс жасады. Бірақ орталық зертханасы мен психо-әлеуметтік кеңес кабинетінің есіктері жабылмады. Санэпидстанция зертханасы аяқ асты істен шыққан кезде мұндағы жұмысты осы орталықтың зертханасы жалғастырып, 1 ай бойы ковидті анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Алмабек Бисеннен бөлек, орталықтың эпидемиолог дәрігерлері Алмагүл Кемазанова, Жаңылсын Таңатарова, Динара Нұрғалина да провизорлық, инфекциялық госпитальда қызмет етті. Ал наурыз айында, карантин басталып жатқан кезде осы орталық мамандары аэропортта, теңіз портында жұмыс істеген-ді. Бүкіл ұжым тікесінен тік тұрып, елге қызмет етті. Қазір орталық директорының орынбасары Камшат Тұрсынбекова мен эпидемиолог Жаңылсын Таңатарова екеуі карантиндік госпитальда, Стамбулдан келген рейстермен жұмыс жасап жүр. Қосымша дәрігер қажет болса, резервте екі дәрігер бар.

Кешегі азапты күндерден ащы сабақ алып, тәжірибе жинақтаған мамандар екінші толқынға барынша дайын отыр. 200 орындық модулді жаңа жұқпалы аурулар госпиталі сақадай сай тұр. Тубдиспансер мен бұрынғы перзентхана ғимараты да дайын. Дәрі-дәрмектер қоры толықты, өкпені жасанды желдету аппраттары да бар.

- Індет келген кезде осындай дайындығымыз болғанда ғой, - деп терең күрсінді Алмабек аға. - Әттең, дұрыс есептей алмай, болжай алмай қалдық. Қателіктер кетті... Қателіктерімізді кеш білдік, жұмыс барысында ғана түсіне бастадық. Мұндай жағдайға бірінші рет тап болғандықтан біраз олқылықтарға жол беріп алдық. Енді сол кемшіліктерді қайталамауға, бірінші толқыннан алған тәжірибемізді толықтыруға күш салып жатқан жайымыз бар. Алла бетін аулақ қылсын егер індет тағы ел арасында жайылар болса, ауруды жеңе аламыз деген сенімдемін.

Дайындық демекші, А.Бисен қазан айынан бері басқарып отырған ахуалды орталық осы дайындық шарасын толық бақылауға алды. Ел бойынша, облыс бойынша күнделікті жағдайды мүлт жібермей, есепке алып, ауруханалардағы кереуеттер, қайсысында қанша орын бар, қайсысында қанша орын қашан босайды, қайсы дәрігер қай госпитальда, қайсы госпитальға қанша маман керек, аудан-қалаларда қандай проблема туындап, не жетіспей жатыр деген секілді барлық мәселелерді осы орталық қадағалап, жұмысты реттеп отырады. Аппараттар, дәрі-дәрмек жағдайы да қатаң бақылауда. Бұл жаңалықтар көңілге зор үміт ұялатқанымен, ел амандығын бірінші орынға қоятын Алмабек Қонарбайұлы да әлемді толқытқан екінші толқынның адыра қалуын халқымен бірге тілеп, ұзақ тер төккізген бұл дайындық жұмыстарының қажеті болмай қалса, қуанайын деп отыр.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

1180
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары қоғам денсаулық
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақтауға алғашқы аққу келді

Келесі жаңалық

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 39 жоба жасалды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    33 мыңға жуық маңғыстаулық коронавирусқа қарсы екпе алды

    Кеше 14:54
    114

    Облыста кеше 68 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

    Кеше 10:43
    94

    Маңғыстауда кеше 13 адамнан коронавирус анықталды

    Кеше 09:26
    116

    Маңғыстауда кеше 60 адамнан коронавирус анықталды

    7 мамыр, 09:23
    330

    Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

    6 мамыр, 19:07
    854

    Облыста кеше 90 адам коронавирустан емделіп шықты

    6 мамыр, 11:10
    308

    Рубрикалар

      ҚұқықРедакция ұжымыСараптамаАуыл өміріАшық қоғамМәдениетЖаңалықтарБейнеуБайқауанонсСаясатТүпқараған

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда 9-11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау дәстүрлі түрде өткізіледі

    Кеше 15:18
    144

    33 мыңға жуық маңғыстаулық коронавирусқа қарсы екпе алды

    Кеше 14:54
    114

    «Жасыл ел» бағдарламасы аясында бейнеулік 220 студент жұмыспен қамтылады

    Кеше 11:25
    93

    Облыста кеше 68 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

    Кеше 10:43
    94

    «Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымын салу аясында қоғамдық тыңдау өтеді

    Кеше 10:18
    136

    Маңғыстауда кеше 13 адамнан коронавирус анықталды

    Кеше 09:26
    116

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»