Кеше Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов Бейнеу ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жағдайымен және жүргізіп жатқан жұмыстарының барысымен танысты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапары «Анаға тағзым» ескерткішінен басталды. Қосай ата көшесінің бойында бой көтерген стелла 2020 жылдың 6 шілдесінде қойылған. Ол түсті металл конструкциясынан құйылып, жан-жағы жарық шамдарымен жабдықталған.
Жаңа туындыда ананың балаға деген мейірімділігі ерекше көрсетілген. Ананың оң қолына сәбиін ұстап, алға қарай бір қадам жасап тұрғанының мәні – түн ұйқысын төрт бөліп, бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен аналарға тағзым ретінде бейнеленген. Ал киім-кешектегі әр ою-өрнек салт-дәстүріміздің болмысын сипаттайды.
Бұдан кейін аймақ басшысы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Бейнеу ауылындағы "Тәуелсіздік алаңының" құрылыс жұмыстарымен танысты. Қос әлеуметтік нысан 2020 жылдың суір айында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Өңір басшысы бастаған жұмыс тобы Бейбарыс көшесі бойында ауыл азаматтарының демеушілігімен салынған Ашық спорт алаңы және балалар ойын алаңына барды. «Ашық футбол» алаңы 1000 шаршы метр. Балалар ойын алаңы 250 шаршы метр. Онда 70 адамға арналған отырғыштар, қоқыс жәшіктері қойылған. Балалар ойын алаңында 9 түрлі ойын құрал-жабдықтары мен 17 жарық шамдар орнатылған.
Сонымен қатар, С.Трұмов Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев атындағы және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептердің жанынан әр қайсысы 312 орындық қосымша оқу нысандарының құрылыс барысымен танысты. Әлеуметтік нысандар мемлекеттік сатып алу конкурсымен 2020 жылдың сәуір айында «Нұр-жол құрылыс» ЖШС-мен келісім-шарт жасақталды. Құрылыс «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Бүгінде әр құрылыс алаңдарында 70 жуық жұмысшы қызмет етуде. Тапсыру мерзімі 2021 жыл.
Бұдан кейін, облыс әкімінің ауданға сапары «Әли Балта атындағы орталық стадион» құрылысымен танысумен жалғасты. 60 шаршы метрлік стадион 1990 жылы салынған. Күрделі жөндеу жұмыстары 2018 жылы жүргізілді. Брусчаткалар төселіп, жарық шамдары орнатылды. Жүгіру алаңына асфальт жол төселді. Хоккей алаңы мен заманауи воркаут салынды. 2020 жылы футбол алаңына газон төсеу жұмыстары жүргізілді. Орталықтағы көрермендер орындығы 1000 адамға арналған. Футбол алаңы (50х90) 450 шаршы метр. Хоккей алаңы 20х40. Воркаут алаңында - 43 түрлі спорт жабдықтары орнатылған.
Бұдан кейінгі әкім барған нысан Бейнеу аудандық орталық ауруханасы. Денсаулық сақтау мекемесе 1982 жылы салынған. Бүгінде онда 605 қызметкер бар. Аурухана 120 орынға арналған (терапия бөлімі-30, хирургия бөлімі-19, перзентхана-39, балалар бөлімі-16, инфекциялық аурулар бөлімі-16). Ауруханада «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында күррделі жөндей жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар биыл Бейнеу ауданында «Білеулі» керуен сарайы ескерткіші бой көтерген. Ескерткіш ақ мрамор плитасымен қапталған, жан-жағына түрлі түсті шамдармен жабдықталған. Тұрған жері әртүрлі пішіндегі тастармен әсемделген.
Бұдан кейін аймақ басшысы Бейнеу ауаны Сарға ауылындағы су тазарту имаратын және кентішілік су құбырын салу жобасымен танысты. Облыс әкімі Серікбай Трұмов аудан көлемінде жасалып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, салынып жатқан нысандардың сапасына жіті назар аудару керектігін тапсырды.