Жаңаөзенде «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Түнгі қаладағы балалар» акциясы шеңберінде жедел әрекет ету топтары өкілдерінің қатысуымен рейд жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шараның мақсаты – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін, балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету, түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде заңды өкілінсіз жүрмеуін, түнгі клубта, ойын-сауық орындарында, компьютерлік клубтарда жүрген оқушыларды анықтап, оларға ескерту жасау.
Рейдке партия филиалының кеңесшісі Ж.Бухарова, қалалық білім бөлімінің маманы С.Сарбекова, «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Н.Тайжанов, қалалық полиция басқармасының инспекторлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.