Құрық ауылының тұрғыны Алтынгүл Күлжаева төрт-түлік малдың жүнінен қолөнер бұйымдарын жасайды. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Алтынгүл Күлжаева қолөнер бұйымдарын кішкентай кезінен бері жасайды. Малдың жүнінен түрлі бау-басқыр, ағаш үйлерге арнап киіз басады.
«Қазіргі таңда зейнетке шығып, тұрғындардың тапсырысымен қойдың жүнінен текемет, жемпірлер, жүн иіру әдісімен шұлықтар жасаймын. Сонымен қатар Шымкент қаласынан Меринос қойлардың жүнін алдырып, оны бояп, өнімдер даярлаймын», - дейді Алтынгүл Күлжаева.
Ол 2015 жылы Ақтау қаласында осы бағыттағы шеберлік курстарға қатысып, тәжірибесін жетілдірді.