Қарақия ауданының №148 сайлау учаскесінде дауыс берген 101 жастағы Ханым Сүйіндікова ғасырдың жүзін көрген бақытты әже.
Ол қазақ даласын қара бұлт торлаған нәубет жылдарында қуғын-сүргін көрген, оның бері жағында ҰОС-ның азабын арқалаған батыр ана.
- Жасым жүзден асса да айналамда болып жатқан жаңалықтың бәрін естіп, біліп отырамын.
Сайлау деген — көптің таңдауы ғой. Көпшілік қатысқан шаруаның берекесі болады.
Мен бүгінгі сайлауда ұрпақ болашағы үшін дауыс бердім, елде оң өзгерістер көп болсын, — деді Ханым әже.
Әжеміз өзінің батасын берді және сайлау учаскесінің мүшелерінің дайынған сый-сияпаттарын табыс етті.