Бүгін Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылының тұрғыны Джамалидинова Шынар Хайырлықызы шекесі торсықтай ер бала босанды. Бұл 29 жастағы жас ананың үшінші сәбиі.
- Жас ана перзентханамызда аман-есен босанды. Сайлаубегіміз 4,136гр салмақпен туғанына қарағанда, батыр болатын түрі бар, тіл-көзден аман болсын. Қазір ана мен баланың денсаулығы жақсы, - дейді гинеколог дәрігері Зейнеп Құрманғалиқызы.
Кішкентай батырдың анасы 145 сайлау учаскесінің көшпелі жәшігі арқылы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Ана мен баланы аталған сайлау учаскесінің басшылығы құттықтап, арнайы сый-сияпат тарту етті.
Сайлауда өмірге келген Сайлаубектің болашағы жарқын болсын!