Мұнайлы аудандық Полиция бөлімінің бастығы Серік Айдаров қызмет бабында қаза болған қызметкерлердің ата-аналарына алғыс білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Әріптестерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Керісінше, жас буынға үнемі олардың жасаған ерліктерін насихаттап, үлгі алу үшін дәріптеп отырамыз. Мұндай азаматтарды дүниеге алып келген сіздерге мың алғыс. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді полиция полковнигі.
Халық қаһармандары:
• Полиция капитаны Асиса Исанов - Ақтау қаласы ПБ Маңғышлақ станциясы поселкелік милиция бөлімшесінің тергеушісі. 1995 жылы қызмет атқару кезінде қарсылық көрсеткен қылмыскердің қолынан қаза болды.
• Полиция кіші сержанты Калдыбай Батырханов Маңғыстау облысы ПД жол-патрульдік полиция ротасының инспекторы. 2001 жылы қарулы адамды ұстау барысында оқ тиіп, оқиға орнында жанын берді.