Маңғыстау ауданына қарасты Шебір ауылішілік асфальт жолын төсеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Шебір ауылының әкімі Лаура Рыспаева мәлім етті. Айтуынша асфальт ауылішілік орталық екі көшеге төселген. Жол құрылысын «Алтынқұрық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алды.
«Жалпы бөлінген қаржы – 314,4 млн теңге. 2019 жылы - 30,0 млн теңге қаржысы бөлініп, игерілді. Яғни құрылыс жұмыстары бөлінген қаржыға сай жүргізілді. Биылғы жылға – 79,880 млн теңге бөлінді. Ауылішілік 1,8 шақырымдық автокөлік жолының негізі дайындалды. Қазіргі таңда асфальт жабынын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр деді»,- ауыл әкімі.
Асфальт жолы ауылдың кіре берісінен орталық көше бойына қарай және әкімдік ғимаратынан келесі көшеге дейін төселеді. Жұмыс сметасы бойынша келер жылы аяқталады.