Бейнеу ауданына қарасты Төлеп ауылы кірме автожолының құрылысы басталды. Бұл туралы Төлеп ауылының әкімі Қайролла Ізжанов мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Автожолдың жалпы ұзындығы 4.3 шақырымды құрайды. Мердігер компания «ПромСтройМонтаж-XXI» ЖШС.
«Қазір ауылдың кірме автожолына қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сараптама қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары жеті жарым айға созылуы мүмкін. Бұл кірме жолдың ауыл тұрғындары үшін маңызы зор. Сол себепті аудан әкімі құрылыс жұмыстарын төрт айдан кешіктірмей аяқтауды тапсырды», - деді Қайролла Ізжанов.