• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 23 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)...

«КазАзот» мекемесінің 40 қызметкері вакцина салдырды (ВИДЕО)...

Ақтауда «Grandmart» сауда желісі ашылды...

  • USD: 432.21 ₸
  • EUR: 520.38 ₸
  • RUB: 5.67 ₸

Ұлыс күн, төрлет далама!

23 наурыз, 14:37  |  Бейнеу

Наурызды түркі тілдес Шығыс халықтары «Жаңа жыл басы» деп есептеген. Оның хадим замандардан басталған тарихы тереңнен сыр шертеді. Аңыз бен әпсанаға толы тарих. Наурыз мерекесінің ерте кезден бастау алғаны көне тарихи орындарда жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

Наурыз тарихына байланысты жазба деректерге жүгінсек, қазіргі Орта Азия мен Қазақстан көлемінде ерте заманда өмір сүрген халықтар Зоратуштра дінін ұстаныпты. Соның негізінде Зоратуштра күнтізбесі түзілген екен. Осы күнтізбені сол дәуір­де аталған елдер ортақ күнтізбе ретінде қабылдаған. Негізінен Наурыз күнтізбесі де, наурызды жыл басы етіп қабылдау да әуелде Орта Азияда - ежелгі Хорезмде пайда болған деген деректер бар.Зоростралық күнтізбенің негізі осы хорезмдік нұсқа бойынша қалыптасқан. (Т.Еңсегенұлы, «Қазақ әдебиеті тарихының арғы арналары», А.2001, 290-бет).Бұл пікірді белгілі ғалым Н.П.Лобачеваның «Орта Азия егіншілерінің күнтізбе нанымдарының тарихынан» деген еңбегінде «Хорезм күнтізбесінде табиғи күнтізбенің терминологиясын танытатын айлардың екінші аты бар. Және календарь туралы оның мәліметі нақты екенін басқа еңбектердегі материалдар растайды, атап айтқанда Тоққалыдағы Оссуар жазбасында айдың аты жөніндегі жыл календары – Хорезмдікі» (Древние обряды,верования и культури народов Средней Азий, М, «Наука», 1986.) деген дерегі нақтылай түседі деп жазады филология ғылымдарының кандидаты Г.Рысбаева «Түркі халықтарының күнтізбесі» деген мақаласында. Және осы мақалада қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда мекендеген халықтардың арғы түбі-ежелгі түркілер де Күн календарын пайдаланғандығы айтылады. Олар жыл 12 айдан, ай 30 күннен тұрады деп есептеген. Айлардың кейбірінен артылып қалған 5-6 күнді «бес қонақ» деп атағаны қазіргі күнге жетіп отыр. Бұл күндерді де жылға қосып, 365,25 күнді тәулікке санаған. Және жұлдыз баққан олар күн қасынан амал жұлдызының көрінуіне байланысты «Амал» күнін белгілеген. Осы күнді «Амал келді-жыл келді» деп, біздің ата-бабамыз жаңару мен жақсылық тілеудің бастауы деп ұғып, Көрісуді дәстүрге енгізген. Бұл дәстүр, әсіресе, еліміздің батыс өңірінде өрістеген игі дәстүрдің бірі. Қазіргі таңда бұл «көрісу күні» егемен елімізде ұлттардың татулығы пен бірлігін ұйыстыратын жалпыхалықтық мерекеге айналды.

Сол секілді профессор И.С.Брагинский наурыз күнтізбесі жайлы «Бұл күнтізбені қалыптастырған аңыздық патша Жәмшид, енді «Наурыз-намада» (Омар Хайям кітабы) айтылған ең көне аңыз бойынша күнді санауды және күн календарын (Күнтізбені)ең бірінші патша Каюмарс енгізген.Жаңа жылнаурыз күнін, яғни Наурыз мерекесін қалыптастырған...» деп жазыпты (Из историй таджикской народной поэзий, М,АНСССР, 1956,. 88,. 94-бет.). Олай болса,енді Омар Хайямның өзін «тыңдап» көрелік. Бұл ғұламаның азан шақырып қойған толық аты-жөні – Ғиясаддин Абдулфатих Омар ибн Ибраһим-һайами Нишапури.1048-1132 жылдар аралығында өмір сүріп, дүниеден өткен. Бұл – ғұлама ғалым, математик, астроном, философ. Ал поэзия әлемінде «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі атанған ақын. Оның рубаяттары жан дүниеңді тербеп, терең ойға жетеледі.

Осы Омар Хайям Наурыз жайлы былай дейді: «Сөздің қадірін білетін бір досым менен «Наурызнаманың» жазылу себебін, наурызды түсіндіріп беруді және қайсы патшаның тұсында әзір болғанын сұрады. Мен бұл өтінішті қабыл алдым және оған да керек болып қалар деп төмендегіні жаздым... Наурыздың жария етілу себебін айтар болсақ, оны былай түсіндіруге болады. Аптаптың (Күннің) екі айналуына орай, олардың бірі төмендегіше - Күн әр үш жүз алпыс бес күн ішіндегі бір тәуліктің төртен бірінде Амал айының бірінші минөтіне шығып кеткен кезінің өзінде тағы да орнына қайтып келеді және жыл сайын бұл кезең кеми береді. Жәмшид (патша) бұл күнді түсінгеннен кейін оны «НАУРЫЗ» деп атады да мерекеге айналдырды. Жәмшидтен соң мұны өзге патшалар және жәми жұрт мейрам ретінде қабылдайтын болды» дейді.

Сол секілді қазба жұмыстарын жүргізіп, археолгогтар тапқан 3-ғасырда жасалған Хорезм календары мен 5-ғасырда жасалған Соғда календары-күнтізбе түзудің Орта Азия мен Қазақстанда ерте кезден дами бастағанына ғылыми тұрғыдан дәлелденген куәлік болып табылады. 1968 жылы Джизакта (Өзбекстан) табылған сақтардың бір топ қорғанын археологтар зерттеп, анықтады. Әлгі қорғанның үлкенінің диаметрі 84 метр, ал биіктігі 12 метр болған. Үлкен қорғанның төңірегінде алты шеңбер бойымен 365 кіші қорған болған. Олардың диаметрі – 12-14 метр, биіктігі – 1,2 метр шамасында. Шеңбердің ені – 100 метр. Бұл қорғанға қазба жұмыстарын жүргізіп, зерттеген археологтар А.И.Ремпель және Э.В.Ргваладзе, З.А.Хакимова ешқандай тұрмыстық заттар мен адам сүйектерін кездестірмегенін жазыпты. Бұл оның адамдар тұрған үй немесе мекен-жай емес, ғылыми-зерттеу орны болғанын аңғартса керек. Содан соң олар бұл қорған кезінде Күн календары қызметін атқарған деген болжам жасаған. Олардың бұл болжамы «Джизак» сөзінің мағынасын зерттеген кезде шындыққа айналды. Ертедегі сақтар күнтізбесі «СІSAO-Джизак», бұл сөздегі «СІ-календарь», «SAO-сақтар» деген мағынаны аңғартқан. Сөйтіп олар екі сөздің бірігуінен «сақтар календары» деген сөзді оқыған (Древнетюркский словарь, А,1969, 145-бет). Міне, осы атаудан ғалымдар сақтардың түркі тілінде сөйлегенін байқаған екен. Ертедегі Соғда мемлекетінің орталығы-Маракан (Самарқан) болған. Ел аузында Наурыз айы туып-көктем келген кезде айтылатын «Самарқанның көк тасы ериді» деген сөздің түбі де осы Соғда календары тарихына байланысты шықса керек.

Жалпы айтқанда, Наурыз мерекесінің өмірге енуі жайлы тарихи деректер аз емес. Мысалы, көне дүниенің тарихшыларының бірі Квинт Курций «Ескендір Зұлқарнайнның жорығы» деген кітабында бұл мейрамның Орта Азия ел жұртының арасында тойлануы жайлы; «...Ұлыс күні таң шапақ бере патшаның шатырының үстіне күн бейнесі қойылып, алаңға қызыл мәуіті киген 365 бозбала шығады. Мерекелік думан осыдан кейін басталады. 365 бозбала бір жылдағы тәулік саны» деп жазылған дерек келтіріпті тарихшы ғалым Сәбетқазы Ақатаев.

Осындай бір жазба деректе Маңғыстауда өткен Наурыз мерекесі жөнінде жазылыпты. «Заман-Қазақстан» газетінің 1996 жылғы 22-наурыз күні жарияланған санында этнограф зерттеуші Нариман Мұхаммедұлы 1924 жылы 22 наурыз күні «Ақжол» газетінде «Наурыз» деп аталған мақала шыққанын, онда: «...Наурыз күні Маңғыстау уезінде де мал сойылып, ас берілді. Ауыл-ауыл жиналып бәйге тігіп, ат шабыс және неше түрлі ойындар болды» деген хабар жазылғанын тілге тиек еткен. Бұл дерек осыдан 100 жылға жуық уақыт бұрын өңірімізде Наурыз мерекесінің тойланғанынан хабар беріп тұр.

Әлгіндей аңыз болсын, жазылған көне тарихи деректер болсын, бәрінде де халық жадырап, жайма-шуақ күн болып Наурыз тойланатын болған. Жаңа жыл басы-Ұлыстың ұлы күні деп аталған. Шығыс халықтары осы күні өздерінің салт-дәстүріне сай ойындар өткізіп, жөн-жоралғыларын жасап, мәре-сәре болып, мерекелеген. Осы күні халық ескі жаманшылықтың бәрін ұмытып, ізгілік мұраттарына жол ашқан. Осы күні береке мен бірлікті ұран ғып, қайырымдылық пен имандылық иірімдері көрініс тауып, ақжарма тілек ақтарылып, парасаттылық пен салауат салтанат құрып, бір-біріне өкпе-реніші бар адамдар да татуласып, қол алысқан екен.

Соңғы кезде бәріміз көріп жүргеніміздей, Наурыз мерекесі жаңа заманға қарай рухани тұрғыдан жаңарып, Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқан сан алуан ұлт өкілдерінің ортақ мерекесіне айналып, жыл сайын тойланып келе жатқаны белгілі.

Кәрісбай ӘДІЛ

1122
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
аудан тынысы Бейнеу
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ұлы күнді ұлықтау

Келесі жаңалық

Төлеп ауылы кірме автожолының құрылысы басталды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Бейнеуде ауылды көркейтуге бағытталған жобаға өтінім қабылдау басталды

    29 наурыз, 16:51
    940

    Бейнеуге 1 000 дана «Спутник V» вакцинасы жеткізілді

    26 наурыз, 15:43
    1097

    Төлеп ауылы кірме автожолының құрылысы басталды

    25 наурыз, 14:07
    1076

    Ұлыс күн, төрлет далама!

    23 наурыз, 14:37
    1123

    Ұлы күнді ұлықтау

    20 наурыз, 11:20
    1314

    Бейнеуде денсаулығына алаңдайтындар көбейіп келеді

    16 наурыз, 15:58
    1161

    Рубрикалар

      СаясатАудан тынысыБіле жүріңізЖаңаөзен - 50 жылАшық қоғамМәселеАстана - 20ҚарақияӘлем жаңалықтарыҚазақстан жаңалықтарыДенсаулықМұнайлы

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстауда 2021-2030 жылдары балық шаруашылығын дамытуға бағытталған өңірлік бағдарлама жасақталды

    Кеше 16:30
    100

    Маңғыстауда 16 мыңнан астам адам екпе алды

    Кеше 16:20
    64

    26 сәуірден бастап қоғамдық тамақтану орындарында «Аshyq» мобильді қосымшасы іске қосылады

    Кеше 15:57
    61

    Қазақстанда волонтерлік қызметке қандай қолдау көрсетіледі

    Кеше 15:25
    84

    Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Кеше 15:10
    67

    «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондарында тазарту жұмыстары басталды

    Кеше 10:42
    107

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»