Ақтаулық ерлі-зайыптылар Нұрболат Құдысов пен Салихат Құдысова 3-шағынаудандағы 18 үйдің маңында теректер мен жеміс ағаштарын отырғызған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аулада алма және алмұрт ағаштары, акация және үйеңкі өседі. Үйдің маңында әртүрлі гүлдер де отырғызылған. Олардың қатарында венгер мамыргүлі(сирень), шырайгүл(петуния), бөрітарақ(гисбискус) және раушан гүлдері бар. Ақтау қаласының тұрғыны Нұрболат Құдысов көгалдандыру жұмыстарын жүргізілуін қаланың тазалағы мен әдемілігіне қосқан үлесі деп есептейді.
- Бұрын 3-шағын аудан 18 үйдің алдында жасыл желек болған жоқ. Жұбайымыз екеуміз ауланы көгалдандыру мақсатында шағын бақша отырғызуды ұйғардық. Жұмыстан келгеннен кейін, бірден бақшаны күтіп ұстау жұмыстарына кірісеміз. Түбін қопсытып, арамшөптерін жұламыз. Бақшаның аумағын күнделікті қоқыстан тазалаймыз. Жасыл желектердің барлығы тамшылатып суару әдісі арқылы суарылады. Ағаштар мен гүлдерге тыңайтқыштар қосып, зиянкестерден улау жұмыстарын да жүргіземіз. Бұның барлығы қаламыздың тазалағы мен әдемілігіне қосқан үлесіміз деп білемін. Бір жағынан ауламызда жасыл желектердің, гүлдердің жайқалып әдемі болып тұрғаны өзімізге де жақсы, - деді Ақтау қаласының тұрғыны Нұрболат Құдысов.