Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Бейнеу ауданындағы жұмыс сапары барысында үш жаңа нысанның ашылуына қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО әкімдігіне сілтеме жасап. Олардың алғашқысы - Бейнеу ауылындағы 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Бір сәтте 600 адамға дейін қабылдай алатын спорт кешенінде футбол, волейбол, үстел теннисі, баскетбол ойнайтын алаңдар мен күрес залы және тренажер залы бар. Спорт кешенін ашылу салтанатынан соң Ералы Тоғжанов жас спортшылармен және ауданның белсенді жастарымен кездесті. Кездесу барысында облысымыздың мақтанышы Әлем чемпионтаның, Европа кубогының иегері, Азия чемпионы Бауыржан Нарбаев жастардың атынан алғысын айтып, спортқа деген қолдауы үшін ризашылығын жеткізді. Ел игілігіне берілген су жаңа тағы бір нысан - жабық жүзу бассейні мен фитнес залы. Енді Бейнеу ауданының бүлдіршіндері бұдан былай жаңа үлгідегі бассейнде шомылып, фитнес залда жаттығатын болады. Нысанның жалпы көлемі 600 м2, 240 адамға дейін қабылдай алады. «Каспий теңізінен шалғайда орналасқан ауданда мұндай нысанның ашылуы керемет жағдай, алдағы уақытта ауданнан мықты спортшылар шығып, Дмитрий Баландин секілді Олимпиада чемпионы шығатынына сенімдіміз деді», - ауыл тұрғындары. Берекелі Бейнеуде пайдалануға берілген тағы бір нысан - Боранқұл ауылындағы су тазартқыш қондырғысымен бар су құбыры. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов салтанатына қатысып, ауыл халқын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Су тазарту иммаратының өнімділігі сағатына 198 текше метр, таза суға арналған 3000 м3 қойма орналасқан. Мұнда 11 адам еңбек етпек.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="80131,80134,80135,80133,80136,80139,80138,80132"]