Бейнеудегі «Абыл» мәдениет үйінің ғимаратында «Электронды үкімет – қолжетімді қызмет» атты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге аудан тұрғындары мен шараға қызығушылық танытқан колледж студенттері қатысты. Аталған шараның басты мақсаты аудан тұрғындарына және жастарға отбасы және балалар, тұрғын үй-коммуналдық, жер қатынастары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау салалары бойынша және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ үкіметтің электронды оңтайландырылған бағдарламаларын, соның ішінде мобильді қосымшаларын (egov.kz, egovkzbot, e.openmangystau.kz, DamuMed, digital agent) қолдану жолдарын кеңінен түсіндіру еді. Бұл жәрмеңкеге ауданның жергілікті және аумақтық органдарынан жиырмаға жуық арнайы мамандар қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындардың қойған сұрақтарына тиісті мамандар нақты жауап беріп, келушілерге брошюралар таратылды.
Үміт ҚАЗДАЕВА