Түпқараған ауданындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, «Туған жер» аясында би өнерінің падишасы, өлкеміздің танымал би мұғалімі, жоғары санатты ұстаз Гүлнар Ідірісқызы Жолдыбаевамен «Өмірім менің - өнерім» атты сыр-сұхбат болып өтті.
Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сан- дықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Ал бұл сандықтың ең түбінде шоқ жұлдыздай жарық етіп шығатын бір нәрсе бар. Бұл не деп ойлайсыздар?
Бұл, әрине, өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Бірақ өнер ол жеке ғана белгілі бір аспапты игере білу дегенге шектеліп қалмау керек, өнер – жан-жақты болады. Адамгершілік қасиетті сақтап жүру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу тіпті, ауыр хабарды біле тұра өзге жанға жеткізудің өзі – өнер. Сондықтан да өнер – әрбір адам өмірінің үлкен бір бөлігі деп білемін. «Өнерлі адам- өрге жүзеді», - демекші өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағын- дыратынымызға еш күмән жоқ екенін ұмытпайық.
Тарихқа үңілсек, би өнері қашан болмасын, қай елде болмасын өзіне лайықты орнын алып келген. Соның арқасында заман көшінде қалып қоймай, қайта серпінді дами түскен би өнерінің шоқтығы қашанда биік. Ұстаз шәкіртімен мақтанатын болса, Гүлнар апай да өз шәкірттерін мақтан тұтары хақ. Алдағы уақытта да Маңғыстау халқының өнерін асқақтата түсетін, талай мәрте толағай табыстарының куәгері болатынымыз сөзсіз. Міне, мұның бәрі біздің төл өнерімізді, ұлттық болмысымызды көрсете білгеніміздің дәлелі. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтқанындай:
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Каспийде мемлекеттік мониторинг жүргізіле ме?«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс».
Талғамы да, талабы да жоғары көркемдік жетекшінің жүріп өткен жолын, ғұмырын балаларға арнаған, баланы баптап, қасиетті өнерді үлгі еткен ұлағатты ұстаздың өмір жолын оқырмандарға үлгі ету, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кеш керемет әсерде өтті.
Талай асуларды алып, шыңдарды табындырған, әлі де талай белестерді бағындырары сөзсіз Гүлнар Ідірісқызының өмірдегі шынайы образын көкейде жүрген түрлі сауалдар қою арқылы өмірі, отбасы, жеткен жетістіктері мен түрлі марапаттаулары, өзінің жолын қуған шәкірттерімен танысып, апайдың өмір жолынан тереңірек мағлұмат алдық. Шараға қатысушы оқушылардың да, оқырмандардың да ойларында жүрген сұрақтарына толық жауап алынды. Кітапханашылар ұйымдастырған шара қызғылықты да өте әсерлі өтті. Сыр-сұхбаттың соңында қонаққа кітапхана атынан сыйлық ұсынылып, естелік топ суретке түсті.
Өз тілшіміз