Жуырда Бейнеу аудандық кітапханасында «Латын әліпбиі – қазақ тілінің көкжиегі» атты пікір алысу кеші өтті.
Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледжінің ОРБ-71 топ студенттеріне шара басталмас бұрын кітапхана ғимаратымен бөлім меңгерушісі Кенжегүл Уәйісова таныстырып, мағлұмат берді. Пікір алысу кештің мақсаты: оқырмандарға «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруды насихаттау, патриоттық сананы қалыптастыра келе, латын әліпбиіне көшу-табысты ел болуымыздың кепілі екендігін ұғындыру болатын.
Шара жүргізушісі Алтынай Сағындықова латын әліпбиі – рухани жаңғыру аясына алға қойған рухани өрлеу, қоғамдық сананы жаңғыртатын, қазақтың рухани болмысын қалыптастыратын факторлардың бірі екендігін тілге тиік етіп, қатысушы оқырмандарға сауал қойды. Студенттер белсенділік танытып, латын әліпбиінің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды рөл атқаратынына көз жеткізді. Назарларына латын қарпіне байланысты бейнежазба мен слайд көрсетіліп, сергіту сәтінде «латынша жазып оқиық» атты ойын ойнатылды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Шайыңды құйшы, келінжан!Айсәуле Мұқанова латын әліпбиіне байланысты жинақталған кітап көрмеге библиографиялық шолу жүргізді. Сүбелі ой түйген жиылыс соңында топ студенттердің кураторы Айнұр Тұзбаева оқырмандарды кітап оқуға насихаттап, сөздік қорларының мол болуына септігін тигізіп, жастарды келелі жиналысқа шақырып, тағылымды кеш өткізіп жүрген кітапхана ұжымына алғысын білдірді.
Қорыта келе, латын әліпбиіне көшу – халқымыздың түркі мен жаһандық әлеммен жаңғыруына жол ашады. Тарихи тамыры тереңде жатқан тілімізді бұғауда ұстамай, білім көкжиегіне жол ашайық.
Ақкенже БЕРКЕНОВА