©
Боранқұл елді мекеніндегі Опорный орта мектебінің қызметкерлері ән-саз жетекшісі Дәурен Асылбекұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Кенжегулованың ұйымдастыруымен Боранқұл мәдениет үйінде оқушылардың қатысуымен «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби сазды мерекелік кеші өтті.
Әдеби кештің мақсаты М.Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру, Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу және оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту. Кешке ауыл тұрғындары, мектеп-балабақша қызметкерлері, оқушылар қатысты.
Мерекелік кеш ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді көрініс ретінде бастау алды. Ақын өмірбаяны көпшілік көрерменге бейнекөрсетілім арқылы таныстырылып, Мұқағалидың өз дауысымен жазылған әңгімелері, өлеңдері тыңдалды. Мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызды жаңғырған жыр жолдарына арналған талантты өнерпаз оқушылар ақын шығармашылығынан өлеңдер оқып, М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерін әнші жастар әуелете шырқады. Көрермендерге көтеріңкі күй сыйлап, қуанышқа бөледі.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: АИТВ инфекциясы бизнеске қауіп төндірмейдіСонымен қатар осы мектептің 11 сынып оқушысы Аманжан Кенесариев сынды жас ақыны Мұқағалиға арнап жазған арнау өлеңін оқыды. Кеш барысында көрермендерге ақын туралы сұрақтар қойылып, жауабын тапқан көрерменге Мұқағалидың кітаптары сыйға тартылды.
Мерекелік кеш соңында ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, бірнеше көрермендер осындай керемет шараны ұйымдастырушыларға және ат салысқан оқушыларға өз алғыстарын айтты.
Үміт ҚАЗДАЕВА