©
Дарын aдaмғa туa бітеді. Кішкентaйынaн өнеpге не ғылымғa бет бұрған бaлaны дapынды деп aтaу opынды. Олардың қacиеттеpі төмендегі белгілеpге cәйкеc aнықтaлaды: дүниетaнымының кеңдігі; пcихoлoгиялық жетілуі; физикaлық еpекшелігі. Oлap біp уaқыттa біpнеше іcпен қaтap aйнaлыcaды. Aйнaлaдaғы құбылыcты тұлa бoйынa cіңіpіп жaтқaндaй әcеp қaлдыpaды.
Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің дарынымен дараланған оқушысының бірі Сәттіғұл Әлібиұлы. Ата-анасының айтуы бойынша Сәттіғұл балабақшаға барған күннен бастап-ақ, өзге балалар сынды ойыншыққа құмартпай, сандарды, әріптерді үйренуге деген құлшынысы басым болған. Мектептің дайындық сыныбына қабылдағанда ұстаздар баланың шахмат ойынын ойнауға деген ынтасының ерекше екенін аңғарды. Әкесі Әлібиден ойынның жүрісін үйреніп алған ол үлкен кісілірмен есе жібермей ойнағанын көріп таңданысымызды жасыра алмадық. Баласының осындай қасиетттерін, әр нәрсені білуге деген ұмтылысын байқаған анасы оған жер шарының карталарын әкеліп мемлекеттер мен олардың астанасы, ондағы жер-су аттарын үйрете бастайды. Бала бойындағы қызығушылық мұнымен тоқтап қалмады, екінші сыныпқа барысымен кітапхананың тұрақты оқырманына айналды. Маңғыстау аудандық орталық кітапхана меңгерушісі С.Есіркепова:
- Сәттіғұлды алғаш кітапханаға әкесі ертіп келді. Тегінде мұндай жастағы балалар мектептің кітапханасындағы кітаптарды оқып, орталық кітапханаға көп келе бермейтін. Ал, Сәттіғұл келген күннен бастап өзінің алғырлығымен, көп нәрсені білуге деген ұмтылысымен бізді баурап алды. Әр кітаптың тарихы, авторлары жайында сұрайтын, үйде оқуға болатын кітаптар туралы айтқанды жақсы көреді. Көбіне Маңғыстаудың ақын-жырауларының шығармаларына ден қойды, тіпті жазғы каникулда әлі келмейтін кітаптарды оқимын деп алып кететін. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының «Алмас қылыш» деп аталатын бірінші бөлімін оқып шықты. Оны неге таңдадың десем «Шыңғысхан туралы, оның қалай ел басқарғанын білгісі келетінін айтып бәрімізді таңдай қақтырғаны жасырын емес», - деді.
Ол бос уақытында кітап оқыса, сабақ кезінде тапсырмаларға тыңғылықты дайындалып, өткен тақырыптар туралы қосымша мәліметтерді алып отыруды да ұмытпайды. Білімге деген құштарлығы оны түрлі жарыстарда жеңіске жеткізді. Атап айтсақ, 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша «Маршал Әбдіхалықов шығармаларының тәрбиелік мәні» тақырыбындағы ғылыми жобасы ауданнан І орын, облыстан ІІІ орын иеленді, жетекшісі Ж.Каниева. Жуырда ғана Астана қаласында өткен республикалық шахмат турнирінде жүлделі ІІ орын иеленіп, ІҮ разрядты сертификатқа ие болды. Жетекшісі мектебіміздің математика пәні мұғалімі, жас маман Саламат Қаржауов.
Бала бойындағы қабілеттерді қалыптастырып дамытпаса, уақыт өте келе ол ұмытылады, бірте-бірте жойыла бастайды. Жас жеткіншектің өміріне пайдасы болмайды. Испандық белгілі дәрігер Хуан Уартенің пікірінше, талант адам табиғатына байланысты дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ұлы ақын Абайдың да пікірі осы пікірмен сабақтас: адамның ойы мен санасы еңбек іс-әрекеті кезінде қалыптасады»,-деп тұжырымдайды. Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады. Сондықтан осындай балалардың қабілетін дамыту үшін ерінбей еңбек етуіміз керек.
Балия ОРДАБАЕВА,
Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп директорының
бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары