«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түпқараған ауданындағы Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл толуына орай мектепішілік «Білім басы бастауышта қаланар» атты бастауыш сыныптар апталығында 2 - 3 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Әкем, шешем және мен» спорттық жарысы өткізілді.
Ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған жарыс тартысты өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, ептілікке, жылдамдылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеуді мақсат өткен жарысқа барлығы 5 отбасы қатысты. 8 айналым бойынша өткізілген жарыс «Таныстыру», «Желаяқтар», «Хоккейші жарысы», «Кенгуру жарысы», «Секіртпемен секіру», «Қасықпен су тасу», «Паравоз ойыны», «Жас спортшы» бөлімдерінен тұрды. Жарыстың әр айналымы өз дәрежесінде қызықты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша: Бас жүлде – 3 «Ә» сыныбы Ниязғалиевтар отбасы, І орын – 3 «А» сыныбы Олжабаевтар отбасы, ІІ орын – 2 «А» сыныбы Сариндер отбасы, ІІІ орын – 2 «Б» сыныбы Саназаровтар отбасы, ІІІ орын – 2 «Ә» сыныбы Құнанбаевтар отбасыларының қанжығаларына байланды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН