Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен» «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың іс-шаралар жоспары аясында Бейнеу ауданы мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында «Мамандықтар әлеміне жол ашамын» тақырыбында аудандық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – алдағы уақытта экономика мен еңбек нарығына қажет және талап етілетін кәсіпті таңдауда оқушыларға бағыт-бағдар беру, сондай-ақ жасөспірімдердің шығармашылық ізденісін арттыру болып табылады. Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізілді:
1. «Осындай мамандық бар» компьютерлік презентациялар байқауы;
2. «Мамандықты таңдау уақыты» жобалар байқауы (бейнероликтер);
3. «Мен мамандықтар әлемінде» тақырыбындағы эсселер байқауы;
4. «ЭКСПО-2017 балалар көзімен» тақырыбы аясында «Кешегі, бүгінгі, болашақтағы мамандық» атты КТК байқауы. Осы байқауға Абай атындағы орта мектебінен «Осындай мамандық бар» компьютерлік презентациялар номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Сагидуллаева Динара ІІ дәрежелі дипломмен, «Мамандықты таңдау уақыты» бейнеролик номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Дүйсенова Гүлдана ІІІ дәрежелі дипломмен, «Кешегі, бүгінгі, болашақтағы мамандық» КТК номинациясы бойынша 9-10 сынып оқушылары Т.Атабаев, Н.Ісенбаев, А.Әлібеков, А.Санауов, Н.Ибадуллаев ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Бала жас шыбық сияқты, қалай исең болашақта солай өседі» демекші осы сайыста оқушылардың жақсы өнер көрсетіп, мектепішілік, аудандық сайысқа дайындаған мектебіміздің бірқатар жас мамандарын атап өтуге болады. Ермекова Айдана, Тажимуратов Нұрлан, Есенбаев Азамат, Туленова Асел, Сәлімжанова Гүлнұр, Максудова Макпал, Әділова Іңкәр сынды жас мамандарға алғыс білдіреміз.
Тағы оқыңыздар: Ел тыныштығын күзеткен жас сарбазБұл байқаудың оқушылардың рухани жетілдіру жағынан және балалардың кәсіпті дұрыс таңдай білуіне тигізер маңызы өте зор. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кезкелгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», деп – Ж.Аймауытов айтқандай, осындай шаралар алдағы уақытта жас буындарды тәрбиелеу мақсатында жиі ұйымдастырылып отырса, нұр үстіне нұр болар еді.
Р.АМАЛБАЕВА,
Абай атындағы орта мектептің арнайы сынып мұғалімі