©
Жетібай ауылынан шыққан «Рухани жанғыру - жастар керуені» Құрық ауданында жалғасты. Облыстан келген керуен мүшелері алдымен жастар көп шоғырланған Құрық коледжінің жұмыс барысымен танысты.
Әр саланы қамтыған жастар керуені мүшелері мемлекет тарапынан жастар үшін жасалып жатқан мүмкіндіктерге тоқталды. Жастарды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты түсіндіру аясында спикерлер аудандық мәдениет уйінде ауыл жастарымен кездесіп, әр сала маманы әр түрлі бағытта ақпарттар берді. Аудандық мәдениет уйінің алдында би группасы патриоттық би билеп, келген қонақтарды қарсы алды. Қонақтарға мәдениет уйінің фоесінде ақ дәм ұсынылды. Кіре берісте бос орын жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының қол өнер бұйымдары мен ұлттық нақышта тігілген қаракөл терісінің киімдері және де киізден жасалған бұйымдар көрмесі жайылды. «Рухани жаңғыру - жастар керуенінің» салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары, модератор Е.Күмісқалиев сөз сөйлеп, шараның мақсаты мен міндетіне тоқталды. Ол келешек ұрпақ жастарымыздың діни сауаттылығы мен рухани байлығымызды арттыру мәселелеріне тоқталып өтті. Жиын барысында сөз алған Маңғыстау облысық жастар саясаты мәселелерінің басқармасы басшысы А. Нұрдәулетов «Жастар керуенінің» ауыл жастары үшін ұсынар мүмкіндіктерін түсіндірді.
Тағы оқыңыздар: Ақтауда спорт фестивалі өттіЖастармен кездесуге «Жаңа серпін» орталығының директоры Қ.Рысбаев, «Даму»қорының өкілі О.Орынғалиев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының менеджер - кеңесшісі А.Махмутов, «Рухани жанғыру» облыстық офисінің сарапшысы Б. Жайлау және Облыстық дін істері орталығының дінтанушы маманы Ж.Аталықова мен 2016 жылғы Ережесіз жекпе–жектің Қазақстан бойынша чемпионы, «Алаш-ПРАЙД» белбеуінің иегері Ш.Қайранов пен «Тұрғын үй жинақ банкінің» менеджері Б. Майланова, ауданның кәсіпорын басшыларымен қызметкерлері, аудандық мәслихаттың депутаттары мен Қарақия кәсіптік колледж студенттері және ауданның белседі жастары қатысты.
Залдың бірінші қатарында орналасқан спикерлер сахна төріне көтеріле келе, жастарға таныстырылып, әр сала маманы жастарға әртүрлі бағытта, сөз кезегі ұсынылды. Сонымен қатар «Тұрғын үй жинақ банкінің» менеджері Б.Майланова тұрғын үймен қамту бойынша төмен пайызды бағдарламаның берер мүмкіндіктереін айтса, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының кеңесшісі А.Махмутов «Атамекен» палатасында мемлекеттік тарапынан жастар үшін берілетін мүмкіндіктерге тоқталып, жұмысқа деген біліктілігін нығайтып, жастарды кәсіпкерлікті дамытуға шақырды. Ал облыстық мәслихатының депутаты Қ.Әбдірахманов жастарға арнаған сөзінде, "жастар елі мен жері үшін еңбек етіп, елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін" деген мақсатпен алға ұмтылуы керектігін айтты. Дінтанушылар жастарды экстремизм мен терроризмді насихаттайтын жат діни ағымдардың ықпалына түспеу жолдары мен сақтану мәселелерін тілге тиек етті. «Рухани жаңғыру» облыстық офисінің сарапшысы Б. Жайлау "Әрбір жанның жаңғыруы - мемлекетіміздің, ұлтымыздың, қоғамымыздың биік белестерден көрінуі. Сол биікті бағындыру үшін әрбір қазақстандық жаппай бірігуі қажет" десе, ережесіз жекпе-жектің чемпионы Ш.Қайранов жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруы мен спортқа деген талпыныстарын ынталандыру мәселелеріне тоқталды.
Модератор Е.Күмісқалиев жиынды қорытындылап, Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының директоры М.Аманиязова сөз сөйлеп, «Рухани жаңғыру» керуенінің символикасы мен туын Түпқараған ауданының өкіліне табыстағаннан кейін жиын аудан өнерпаздарының ән-биіне ұласты.
Мәдениет үйінен шыққан спикерлер мен жастар аудан басшыларымен бірге Құрықта орналасқан Президент саябағына ағаш отырғызды.
Фариза ХАЙДАРОВА
Суреттерді түсірген Кирилл ОСИН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="41489,41468,41469,41490"]