©
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы болып Асқар Сейдалиев тағайындалды. Ол бұған дейін Ш. Есенов атындағы КМТжИУ оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректордың қызметін атқарып келді.
Асқар Әбиұлы Сейдалиев 1971 жылы 5 шілдеде дүниеге келген.
1993 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығы бойынша бітірген.
2001 жылы Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, 2004 жылы "бұрғылау технологиясы мен ұңғыны меңгеру» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.
Еңбек жолын 1993 жылы шебер, бұрғышының көмекшісі ретінде бастаған.
1997-2003 жылдар аралығында Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, ректордың көмекшісі қызметтерін атқарды.
2003-2004 жылдары «Асар» республикалық саяси партиясының Маңғыстау облыстық филиалының жетекшісі болды.
2004-2005 жылдар аралығында Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде мұнай және газ институты директорының орынбасары, 2005-2006 жылдары тәрбие жұмысы жөніндегі проректор болды.
2006-2017 жылдары аталған оқу орнының мұнай және газ институтының директоры болды.