©
Қас батыр да – Атағына сай өлген, Ғұлама да – Көз iлместен ой өрген, От ауызды, орақ тiлдi ақын да О басында туған осы әйелден. Өмiр сыры дәл осында! Ұқтың ба? Ұқпайтындай құпия жоқ түк мұнда. Әйел нәзiк, Сол нәзiктiк алдында Бiр осалдық байқатады мықтың да. Құдiрет-күш осы нәзiк әйелде, Барар жiгiт әйел салған қай өрге. Мейiрiмдiлiк құрады ылғи салтанат Әйелдерге бай елде... Жүрегiңе жалын құяр, от салар Әйел деген нағыз сиқыр, пәтшағар? Әйел үшiн, әйел үшiн ертеде Бiр-бiрiне қырғын сапты патшалар. Әйел – Ана, Кiм бар ұлы Анадан?! Анаға бас ию керек бар адам! Маған өмiр, Саған өмiр сыйлаған, Ана сүтi шықпақ емес санадан! Әйел – жарың, Қанбай сүйер құмарың, Мұны айтпай қалай, сiрә, тынамын. Әр еркектiң жүрегiнде жанады, Жұлдыз болып, Алау болып бiр Ару... Әйел – арқау, Әйел – өмiр ұршығы, Көкiрегiнде құпиялы нұр-сыры. Әйел болса – Аспан ашық, Нұрлы әлем! Әйел болса – Өлмек емес тiршiлiк!..Айтуар ӨТЕГЕНОВ