©
Тақырыпты өзіңіздікі ме, өзгенікі ме «Жаралы жолбарыс» атты кітабыңыздан алдым. Осы сөйлем – бүкіл айтқаныңыз бен айтпағыңыздың тобықтай түйіні. Тақырыпша қосқаным. Осы есіммен пәленбай пайыз ұқсастық кітапта сайрап жатыр. Айсбергтің су асты бөлігіне өмірім куә. Сізді білетін барша құнтты қалпыңызға осы бағаны береді. Тақырыпқа баттитпай-ақ мәтін ішіне жасырып айтарым: «микро Бельгерсіз». Оған ренжімейтініңізге сенімдімін. Баяғыда Ғалым інімнің ақындығына баға берген газет қолына тие сала бір белгілі пенде үйіме телефонмен көре алмас кейістігін білдірген. Пенделерге де, өзіме де, өзіңізге де шындық керек. Осылай, күні бұрын «басын ашып алу» өкіндірмейді.
Қадірлі Әнуар Қайырғалиұлы! «Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң айтпа сөз» (Абай). Осы екі қасиетіңіздің қуатымен арпалысып келесіз. Қайратыңыз – палуан атаңыздан, ұста әкеңізден, Байбақты, Жауғашты, Барақ бабаларыңыздан. Ер Сырым-Би Сырым, тана Жиембет жыраумен тамырластығыңыз екі қасиетті қос құтыдан құйғандай. Жолбарыспын деуіңізге тірек бұл. Жаралылығыңыз күшігінен таланғаныңыз. Батыс алашорданың ұясында өмірге келуіңіз тағдырыңыздың әліппесін сызып берді.
«Быту-сытуды» жаратпайтыныңыз, кез келгенге көңіліңіз толмайтыны содан. Бір беткей аңғал мінезіңіз де содан. Текеде оқып тек жүргеніңізде теперішті көрмес пе едіңіз...
БОЗБАЛА ШАҚ. «Жастық шақ – бола шағымен бақытты» /Гоголь/. Бозбала шақтағы мөлтек әңгімелеріңізбен-ақ өз стиліңізді тапқансыз. Сәби жұмырығына да сияр ділдәдай, бұлбұлдың қарамындай шағын дүниелер. Үлкенді тыңдап жақыннан дорбалағаныңызда алтын ділдәңіз ерте жарқырап, бұлбұлыңыз ерте сайрар ма еді. Қараңызшы, «Сот күнделігі» тарауының туындыларын сақа тартып жазсаңыз да арнасы бозала таң бозбала шақтың қауырсын қаламынан бастау алған. Стиль адаммен бірге туады. Ілгерісі әдебиет, кейінгісі журналистика.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Батагөйлер сайысында жаңаөзендік ақсақалдар жүлдегер атандыМына жалған дүние екі-ақ тін. Бірі – ұрғашы, бірі – еркек. Қырғыз қызы қиял қиясына шығандатып жіберген сыңайлы. Қыз бен қымыз – муза мұрагерлерінің шабыт шақырар дәрмені. Албырт шақтың ауыздығын әрең тартып тоқтапсыз. Ғашықтық жырлар – орта ғасырдың ғұмырлық құмар оты. Ұлы қорғанды, жібек жолды қытайлықтар отбасын әуелгі санап, ғашықтықты әуес күйге ғана балаған. Ағаңыз, қазақтың Қадыры жалғызақ ұрғашымен ғұмыр кешіп, «Парижде» болып-толып провинциясына оралып Оралында ескерткіш боп орнықты.
ҚАЛАМ ҚАРЫМЫ. Журналистика мен Жазушылық – жол айрығы. Осыны шатастырып алып жүрміз. Екі тарапта бірдей қызмет атқару екінің бірінің ғана қолынан қызмет атқару екінің бірінің ғана қолынан келеді. Орыста тым көп, қазақта там-тұм.
«Жаралы жолбарыстың» сот күнделігі тарауы тұтас деректі новеллалар. Оқиғаны суреттеуің – ықшам, портреттерің – қонымды, диалогтарың – нағыз драмалық. Сөйте тұра, тіл өрнегіңіз батыс өлкенің өресімен өрілген. Бір мысал. Жылқы туралы Маңғыстаудың мақамы жұлдызды аспандай мың құбылған тым көркем.
ҮШ МІНЕЗ. Өзіңе өзің телитін; өзге саған телитін және нақ мінезің. Нағыз болмысың «Жаралы жолбарысқа» соңғы нүктеңді қойғанда айқындалады. Дегенмен алғашқы кітаптан-ақ бет-бейнең ашық көріне бастапты.
ДОС. Маркс пен Энгельс достығы. Кемпірбайдың өлі жастықтан басын көтергізіп Әсетке толғауы, Мұқағалидың Фариза апамызға арнауы, Махамбеттің Исатайды жоқтауы. Ал сіздің досыңыз – Тілеумұрат ағамыз ғана. «Ақын болу шарт емес, азамат болу парызың» /Некрасов/. Пейіште нұры шалқығыр нағыз азамат еді. Жақсы жазыпсың.
КІТАП. Ең сенімді дос кітап екені ұлылар ұлағатынан ұғынықты. Ұлылардың баршасы мойындаған бір тәмсіл. Тек, бәрі емес біразы. Таңдау мен тәлімін алу ілімін меңгерудің өзі ғылымның үлкен бір саласы екенін ұқпай өтіп барамыз. Соқпақтардың даңғылға шығарарын тап басу – тағдырың. Әрине, сенің бойыңа шақ даңғылға... Сиырының сыңарын сатып кітап жинаған, «атадан мал қалғанша тал қалсын» қағидатын ұстанған ұстазыңыздың ұшығы өзіңізде де бар.
Сафи Ажы Мұрат