«Мұнайлы» газеті туралы

"Мұнайлы" газеті туралы«Мұнайлы» газеті туралы

Елбасы Н.Назарбаевтың 2007 жылғы 4 маусымдағы Жарлығымен сол жылғы шілденің бірінші жұлдызында Мұнайлы ауданы құрылды. Ауданда болып жатқан жарқын істер мен жаңалықтарды, мемлекеттік органдардың жұмысын және әлеуметтік мәдени шараларды жариялап отыру мақсатында 2007 жылдың 14 желтоқсанынан бастап аудандық «Мұнайлы» газеті өз жұмысын бастады.

Газетке журналист-мамандар Нұрлан Оразғали / 2007-2008 жж/, Мұрат Жетекбай /2008-2013/ редакторлық жасады.

«Маңғыстау-Медиа» ЖШС құрылып, газет тізгінін өлкемізге белгілі, тәжірибелі журналист Темір Мыңжасұлы Газет жұмысын жақсартуға оның тілшілері Шахида Жұман, Әсел Таңатарова, Сымбат Жайлыева, қызметкерлері Айсара Хадырбаева, Жамбыл Бультеков, Ғалымжан Қалиев айтарлықтай үлес қосты. Жас ауданның тыныс-тірлігі туралы тұрақты ақпарат таратумен қатар қалың бұқара арасында ағартушылық қызмет атқару, мемлекеттік саясатты насихаттау, аудан алдындағы зор міндеттер мен жоба-жоспарларды сәтті жүзеге асыру,әлеуметтік-экономикалық саланы, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын, т. б. салаларды дамытуға қатысты өзекті мәселелер аудандық басылымның жазатын негізгі тақырыбы мен бағыт-бағдарына айналған.

Бұрын 800-1000 дана болып келген газет таралымы тәжірибелі редактор Т.Мыңжастың ұйымдастыруымен 1500-ге, ал 2016 жылға 1900 данаға жетті. Мұнан газет беделінің аудан тұрғындары арасында арта түскенін байқау қиын емес.

«Мұнайлы» газетінің қазіргі  құрамы

Диханбай Әбиев – Бас редактор

Шахида Жұманова — тілші

Асел Таңатарова  — тілші