«Маңғыстау-Медиаға» журналистикаға қызығатын жастар арасындағы байқау жеңімпаздары арнайы қонақ болып келді.

Естеріңізге сала кетейік,  mangystaumedia.kz сайтында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында жастар арасында байқау ұйымдастырылған болатын. Байқау «ҮЗДІК МАҚАЛА» және «ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК» деген екі аталым бойынша жүрген болатын. Жеңімпаздарды, құрметті оқырмандар, 25-28 маусым аралығында өздеріңіз анықтадыңыздар.

Сонымен қатар кәсіби журналистерден құралған қазылар әрбір жұмыспен мұқият танысып, жұмыстың жан-жақтылығын, зерттелу ауқымы мен тілінің жатық болуын ескере отырып, тағы бір қатысушыға Арнайы сыйлық тағайындады.

Байқау қорытындысы бұған дейін сайтымызда жарияланды.

Жүлдегерлерді  арнайы алғыс хатпен «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Сағындық Рзахметов марапаттап, бағалы сыйлықтар үлестірді.

«Үздік бейнеролик»  аталымы бойынша 20 717 қаралым жинаған Бейнеу лицейінің оқушысы Әлішер Хабидолла жеңімпаз атанды.

 «Үздік мақала» аталымы бойынша жеңімпаз Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де оқып жатқан жаңаөзендік студент Зияда Тініқұл жеңіп алды. Оның туған жерге деген сағынышқа толы жазбасын 18 248 адам оқыған.

Ал Журналистердің арнайы сыйлығы – М.Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенті Таңнұр Таймановаға бұйырды.

Марапаттау рәсіміне Бейнеу ауданынан Ә.Хабидолла мен Жаңаөзеннен З.Тініқұл келді.

Айта кетейік, байқауға барлығы 9 жұмыс қатысты, тағы бір 3 жұмыс байқау басталып кеткеннен кейін келгендіктен, қатыса алмады. Үміткерлердің «Туған жер» тақырыбындағы мақалалары мен бейнероликтері сайтта жарияланды.

Барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз. Жеңістеріңіз құтты болсын!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз