2022 жылғы Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Джакартада өткен Азия Олимпиада Кеңесінің бас Ассамблеясында Азия ойындарын 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткізу жайы талқыланды.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын арада Ханчжоуда қосымша теміржол ашылып, метро станциялары көбейтіледі. Мұның бәрі Азиадаға дайындық барысында іске қосылады.

«2022 жылғы Азия ойындары қаланың жаңа тынысын ашпақ. Азия Олимпиада кеңесімен бірлесе отырып, біз Ханчжоуда табысты әрі естен Азия ойындарын өткіземіз деп ойлаймын», — дейді Ханчжоу қаласының өкілі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Солтүстік Каспий жобасына 25 жыл

2022 жылы Ханчжоуда өтетін Азия ойындарының бағдарламасына 2020 жылғы Токио Олимпиадасындағы 33 спорт түрі енеді. Сондай-ақ, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының бағдарламасына енетін алты спорт түрі мен жергілікті ұйымдастыру комитеті ұсынатын екі спорт түрі де Азиада бағдарламасының тізімінде.

АОК Спорттық комитеті халықаралық жүзу федерациясы бекіткен барлық бағдарламаны Азия ойындарының жарыс кестесіне қосты.

Хуанчжоудағы Азия ойындары Қытай тарихында өткізілетін үшінші Азиада болмақ. Бұған дейін 1990 жылы Бейжіңде, 2010 жылы Гуанчжоуда құрлықтың кішігіріп Олимпиадасы өткен болатын.

2022 жылы Ханчжоуда өтетін Азия ойындарының ұйымдастырушылары Джакаратадағы Азия ойындарының жабылу салтанатында АОК-тың туын ресми түрде қабылдап алды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз