28 қазан күні Жаңөзен қалалық мәслихатының 2 округінде және Бейнеу аудандық мәслихатының 1 округінде шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Бұл жөнінде ӨКҚ-де Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқали мәлімдеді.

Дауыс беру нәтижелері бойынша  келесі кандидаттар депутат болып сайланды:

Жаңаөзен қалалық мәслихатының депуттары болып №1-ші сайлау округінен Мыңтұрғанов Қанағат Нұрымұлы, 1976 жылы туған, қазақ, «Өзенмұнайгаз» АҚ №1 Мұнай-газ өндіру цехының бастығы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, №6-шы сайлау округінен Худибаев Нұрберген, 1965 жылы туған, қазақ, «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, №6-шы сайлау округінен Бейнеу аудандық мәслихатының депутаты болып Есекенов Талғат Аманжолұлы, 1975 жылы туған, қазақ, «Бейнеу аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» ҚММ директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Сайлау науқаны барысында мәслихат депутаттарына кандидаттыққа 11 адам ұсынылған.

Үшеуі – «Нұр отан» партиясынан ұсынылған, қалғандары өзін-өзі ұсынғандар.  2 кандидат өз өтініштерімен депутаттыққа кандидаттықтан бас тартқандықтан, округтік сайлау комиссиялары ұсынылғандардың 9-ын кандидат ретінде тіркеген.

Дауыс беру 7 сайлау учаскесінде өткізілді. Сайлау округтеріндегі 13866 сайлаушының 10296-сы (74,3% ) дауыс беруге қатысты.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау жүрісіне саяси партиялардан 6 байқаушы, депутаттыққа кандидаттардың 11 сенім білдірген адамдары және 3 БАҚ өкілдері бақылау жасаған. Сайлау барысында өтініштер мен шағымдар түспеген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз