102 босқын Түркияның Мерсин провинциясындағы Ташуджу портына жеткізілді, — деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркия Республикасы Солтүстік  Кипр жағалауында суға батқан кемеден құтқарылған 102 босқын Мерсин провинциясындағы Ташуджу портына жеткізілді.

Бұдан басқа портқа кеменің атапқа ұшырауы салдарынан мерт болған 19 адамның денесі апарылған.

Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, Түрік Қызыл ай қоғамының өкілдері  тамақпен қамтамасыз етті.

Солтүстік Кипр жағалауындағы бұл — босқындар мінген судноның апаты  19 адамның өмірін қиып кетті, 103-і құтқарылған, ал 25-ке жуық адам із-түзсіз жоғалған.

Жағалау күзетінің хабарлауынша, бортында 150 босқын бар кеме апаты Ени Эренкей қаласы жағалауында болды.

ҚазАқпарат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз