аэропорт ең үлкен әуежай

Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған Стамбул қаласында әлем бойынша ең үлкен әуежайды ашты деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты tvzvezda.ru сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, әуежай алғашқы жылдары 90 млн жолаушыға қызмет көрсетпек. Ал 10 жылдан соң олардың саны 200 миллионға жетпек. Бұл трафик бұған дейін дүниежүзінде ең үлкен саналған Атланта (АҚШ) әуежайынан екі есе жоғары.

Turkish Airlines ел ішінде Анкара, Анталия, Измир қалаларына ұшады. Сондай-ақ Бакуға және Эрджанға жолаушы тасымалдайды.

Стамбулдағы үшінші әуежайдың құрылысы 4 жылға созылған. Түркия елінің 95 жылдығы мейрамы қарсаңында пайдалануға берілді.

Әуежайдың аумағы 76,5 млн шаршы метр. Толық жұмыс күшіне енгенде күніне 2000 ұшақты шығарып салмақ.

500 әуе кемесіне және 70 мың автокөлікке арналған тұрақ та қамтылған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз