©
Жақында Ақтау қаласындағы Исатай Сүйеубаев атындағы №8 мектепте «Жарылғыш заттарды тауып алған кездегі іс-әрекет. Жарылғыш заттар туралы келіп түскен анонимді хабарламаларды қарау тәртібі» тақырыбында «он-лайн» режимінде интерактивті сабақ өткізілді. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау бөлімі ұйымдастырған бұл сабаққа 25 мектеп, 5-8-сыныптардың 391 оқушысы, 19 мұғалім қатысты.
Интерактивті сабақты жүргізген азаматтық қорғау бөлімінің аға офицері, майор Олжас Ергенбаев кез-келген жерден жарылғыш заттарды тауып алған кездегі іс-әрекеттер туралы толық әңгімелеп, жарылғыш заттар туралы жалған қоңырау шалатындарды қандай жауапкершілік күтіп тұрғанын түсіндірді.
Сондай-ақ сабақ барысында оқушыларға тақырыпты қамтыған бейне роликтер мен слайдттар көрсетілді. Ал оқушылар жарылғыш заттар тауып алған жағдайда іске асуы тиіс әрекеттерге орай өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА