Мемлекеттік қызметші күні аясында БАЙҚАУ жарияланды
[ 2017 ] 22 мамыр, 05:44 | Жастар беті
«ҚР ең үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауы 6 номинацияда өткізіледі:
1) Салааралық басқару;
2) Аумақтардың және халықтың қауіпсіздігін, заңдылығын қамтамасыз ету саласында басқару;
3)Нақты экономика секторынбасқару;
4)Әлеуметтіксаланыбасқару;
5)Мемлекеттікоргандардыңқұқықтықжәне кадр қызметінқамтамасызетуінбасқару;
6)Мемлекеттікоргандардыңұйымдастырушылық, ақпараттық, құжаттық, қаржылық-экономикалық, шаруашылықжәнебасқақызметтінқамтамасызетуінбасқару.
Байқауға әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі бір жылдан кем емес мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.
Сонымен қатар әрбір номинацияда 2 топтың арасында жеңімпаз белгіленеді: 1) менеджмент тобы (мемлекеттік органнның бірінші басшысы және оның орынбасары) және 2) функционалдық топ (менеджмент тобына жатпайтын қалған қызметшілер үшін). Осылайша ағымдағы жылдың
10 мамырынан бастап 17 маусымына дейін өткізілетін байқаудың қорытындылары бойынша марапаттауға 12 жеңімпаз ұсынылады.
«Кәсіби мемлекеттік қызмет – бәсекеге қабілеттіліктің көзі» байқауына қатысуға электрондық және баспа БАҚ-та 2017 жылғы 1 қаңтардан 10 маусымға дейін жарық көрген мемлекеттік қызметшілердің қызметі туралы журналистік жұмыстар, сонымен қатар телесюжеттер (телесюжеттер циклы), әлеуметтік медиадағы жарияланымдар қабылданады.
Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:
1) Ең үздік телесюжет;
2) Баспа бұқаралық ақпарат құралдарындағы ең үздік жарияланым;
3) Интернет бұқаралық ақпарат құралдарындағы ең үздік жарияланым;
4) Әлеуметтік медиадағы ең үздік жарияланым.
Байқаудың өткізілу мерзімі – 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 маусымына дейін.
«ҚР мемлекеттік қызметтің 100 бейнесі» фото байқауының мақсаты өз ісіне адал мемлекеттік қызметшілердің жаңа формациясын көрсету болып табылады. Фото байқау 2017 жылдың 10 мамыры мен 15 маусымы аралығында өткізіледі. Оған қатысуға барлық ниет білдірген азаматтардың фото жұмыстары қабылданады.
«Қазақстан мемлекеттік қызметінің болашағы» атты KyzmetTalkКоммуникациялық алаңы – жаңа интерактивті іс-шара, оған қатысуға барлық азаматтар шақырылады. KyzmetTalk спикерлері нақты уақыт режимінде сұрақтарға жауап беріп, зал ішіндегі қатысушылармен пікірталас өткізеді. Сонымен қатар Агенттіктің kyzmet.gov.kz сайтында KyzmetTalk шеңберінде барлық азаматтар өздерін қызықтыратын сұрақтарды және оқиғаларды жолдай алатын «
KyzmetTalk-BOX» айдары ашылады. Сұрауды өткізу мерзімі – 2017 жылдың 10 мамырынан 20 мамырға дейін.
Байқауға қатысу бойынша толық ақпаратты Агенттіктің интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметші күні - 2017» арнайы айдарында біле алады.
1142
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.