Бүгін Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде "Ашық есік" күні өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
09.00-ден түскі 13.00- ге дейін 76 тұрғын орталыққа келіп, өз денсаулығын ақысыз түрде тексеруден өткізді. Соның ішінде 8 тұрғыннан қатерлі аурудың алғашқы белгілері анықталып, есепке қойылды.
Тұрғындарды хирург, онколог, онкогинеколог және уролог сынды дәрігерлер қабылдап, денсаулық жағдайларына қатысты кеңес берді. 40 адам УЗИ-ға, 53 адам цитологиялық тексеруге жіберіліп, 57 адам төмен дозалы КТ және 27 адам мамография, 9 адам эндоскопия аппаратына тексеріліп, мамандардан тегін кеңес алды.
Тұрғындарға арналған осындай "Ашық есік" күні Ақтау қаласындағы "Еркемед" медициналық орталығы мен Мұнайлы ауданында да өткізілді. Мәселен, орталыққа 15 адам келсе, оның үшеуінен қатерлі ісікке дейінгі белгілер анықталды. Сонымен бірге, ауданда 58 адам дәрігерден ақыл- кеңес алып, оның екеуінен қатерлі ісік, 10 адамнан қатерлі ісікке дейінгі белгілер байқалған.