Биыл Ақтау теңіз сауда портының, "Баутино" және Құрық порттарының аумақтары "Ақтау теңіз порты" АЭА құрамына кірді. Ірі халықаралық көлік дәліздерінің бірін құру және арнайы экономикалық аймақ аумағында порттардың өткізу қабілетін арттыру шеңберінде 2025 жылға дейін контейнерлік хаб салу жоспарланған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазірдің өзінде 19 гектар жер учаскесі сақталған. Контейнер хабын пайдалану басталғаннан кейін 100 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Содан кейін олардың саны 350-ге дейін жетеді. Хаб аумағында қосымша қызметтер көрсетіледі-контейнерлерді өлшеу, сақтау, жөндеу және сертификаттау жұмыстары жүзеге асады. Хаб құрылысы инвесторлар есебінен іске асырылады деп күтіліп отыр Жобаның болжамды құны - 22 млрд. теңгеге есептелген.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүк және контейнерлік тасымалдарды дамыту мақсатында контейнерлік хаб құрылысы басталды. Қазір белгілі инвестор компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Порттарды арнайы экономикалық аймаққа қосу өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына мультипликативтік әсер береді, инвестицияларды тартуға және жүк ағынын ұлғайтуға серпін береді, шағын және орта бизнестің дамуына, экономиканың түрлі салаларында қосалқы өндірістердің ашылуына ықпал етеді. Жоба өңірді ғана емес, тұтастай алғанда елді дамытудың стратегиялық қадамдарының бірі болып табылады. Контейнерлік хаб құрылысын 2025 жылдың 2 тоқсанында аяқтау жоспарлануда, - дедіМаңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұраділ Иманғалиев.