Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жау біраз аумақты шарпыған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«13 ақпан күні кешкі сағат 21:40 шамасында 28а шағынауданындағы көлік дөңгелегін жөндеу цехында (42 ш.м. алаңда) резеңке дөңгелектер өртенген. Оқиға орнына дереу ТЖД жеке құрамның 12 адамы және 3 арнайы техникасы барды. Өрт сағат 22:04 толығымен жойылды. Өрт сөндірушілер көлемі 40 литр болатын 2 газ баллонын сыртқа шығарды», - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, өртке қарсы қызмет келгенге дейін апат кезінде термиялық күйік шалған Өзбекстан Республикасының азаматы ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр. Ал оқыстан шыққан өрттің себебі анықталып жатыр.