Такси болып жан бағатын қазақстандықтарға платформалық жұмыспен қамтылғандар ретінде жұмыс істейтін болса, салық декларацияларын тапсырудың қажеті жоқ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Таксилер үшін 4% мөлшерлемесі бар жеңілдетілген салық режимі енгізілуге жоспарланып отыр. Мәселен, 4 мыңнан астам Яндекс жүргізушісі жаңа механизмді сынақтан өткізуге қатысады.
"Азаматтарға платформалық жұмыспен қамтылғандар деп тану үшін жария шартқа қосылу жеткілікті болады. Олар салық декларацияларын тапсырудан босатылады", – деді Eңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.